ПОДЕЛИТЬСЯ
13 сентября 2021 | 12:38
Тұмауға қарсы екпе мен коронавирусқа қарсы вакцинаны қатар салдыруға бола ма?
Тұмауға қарсы вакцина мен коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыру аралығы бір ай болуы керек. Бұл туралы Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлімінің меңгерушісі, PhD философия докторы Динара Маханбетқұлова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрине, тұмауға қарсы вакцина мен коронавирусқа қарсы вакцинаны қатар алуға болады. Бірақ тұмауға қарсы екпені науқас коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын салдырғаннан кейін алу керек. Тұмауға қарсы вакцинаны бір айдан кейін салдыруға болады", - деді Динара Маханбетқұлова ӨКҚ брифингінде.
Еске салайық, Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина салдыру 15 қыркүйектен басталады.
Міндетті вакциналаудан бірінші кезекте медициналық қызметкерлер өтеді. Сонымен қатар, екпені денсаулық жағдайына байланысты осал топқа жататын азаматтар алады. Оның ішінде диспансерлік есепте тұрған балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер мен қарттар үйінің қариялары бар.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также