23 января 2020 | 09:56

"Тұмауға ұқсайды". Дәрігер Қытайда өршіп тұрған вирустың басты белгілерін атады

© REUTERS / Stringer

Қытайда қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Соңғы деректер бойынша вирус жұқтырғандардың саны 400-ден асып, 17 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта Қытайдағы коронаривус АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Гонконг, Аустралия елдеріне жетті. Көрші елдегі жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандық дәрігерлер де дабыл қақты. Tengrinews.kz тілшісі инфекционист-вирусолог Гүлмира Сәбитовадан бұл коронавирустың жаңа түрінің қаншалық қауіпті екенін және одан қалай сақтану керегін сұрап білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытайда қауіпті індеттен қайтыс болғандардың саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Соңғы деректер бойынша вирус жұқтырғандардың саны 400-ден асып, 17 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта Қытайдағы коронаривус АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Гонконг, Аустралия елдеріне жетті. Көрші елдегі жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандық дәрігерлер де дабыл қақты. Tengrinews.kz тілшісі инфекционист-вирусолог Гүлмира Сәбитовадан бұл коронавирустың жаңа түрінің қаншалық қауіпті екенін және одан қалай сақтану керегін сұрап білді.

Дәрігер вирустың алғаш рет 2012 жылы Сауд Арабиясында тарағанын айтады. Сол кезде бұл вирустан бір адам қаза тапқан дейді.

Реклама
Реклама

"Соңғы жылдары бұл вирус аса көп таралып жатқан жоқ. Әдетте вирустың белгілері тұмауға ұқсайды. Жөтеліп, тұмауратады, кеуде қуысы ауырып, дене қызуы көтеріледі. Басты айырмашылығы - ауру ұзаққа созылып, өкпе қабынуы мүмкін. Яғни тыныс алу мүшелері зақымдана бастайды. Көбіне вирусты бүйрек жетіспеушілігі, диабет, өкпенің созылмалы ауруларына шалдыққан және иммунитеті төмен адамдар тез жұқтырады", - дейді инфекционист.

"Қауіпті індеттен барлық базар жабылды". Қытайдағы қазақ елдегі жағдайды айтып берді

Вирусолог осы санаттағы адамдарға гигиена сақтап, абай болуға кеңес береді.

"Дәл қазір медицинада бұл вирустың 6 түрі анықталған. Бұл вирус адамдарға да, жануарларға да жұғады. Ол вирустардың төртеуінің басты белгілері әдеттегі тұмау сияқты. Ал қалған екі вирус түрі өте қауіпті болып саналады. Ол вирустан емделу мүмкін емес. Вирустың қандай да бір белгілері байқалған жағдайда жедел жәрдем шақырып, вирустың бар-жоғын анықтау үшін сараптамалар алынады. Бірінші кезекте, коронавирусқа сараптама алады", - дейді дәрігер.

Гүлмира Сәбитова шетелге барар алдында бірнеше ережені сақтауға кеңес береді.

"Саяхаттауға барсаңыз, Қытай немесе басқа ел болсын, ет немесе теңіз өнімдері сататын базарларға, жануарлар бағына және жануарлар көп жүретін аумақтарға бармауға кеңес беремін. Себебі бұл жерлерде вирус өте тез таралады. Сондай-ақ, суды асханадан ішпей, дүкеннен бөтелкедегі суды сатып алу керек. Ең бастысы маска киіп жүру қажет", - дейді дәрігер.

Аурудың алдын алу үшін мынадай шараларды қабылдаған жөн:

- үйді үнемі желдетіп отыру және таза ұстау;
- таза ауада серуендеп, қалыпты дене қозғалысын сақтау;
- массаж, дене шынықтыру, су процедуралары сияқты жалпы иммунитетті нығайтатын шараларға көңіл бөлу;
- салауатты өмір салтын ұстану;
- бойды үнемі жылы ұстау;
- тыныс алу органдарының созылмалы ауруларынан уақтылы емделу.

Айта кетейік, бастапқыда кейбір дереккөздер мұны пневмония деп айтса, жергілікті дәрігерлер оны жоққа шығарған болатын. Дегенмен Қытай мұның жалпыұлттық эпидемия болып кетуінен қауіптенеді. Дәл қазір Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары елдегі жағдайды бақылап отыр. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гонконг, Тайвань, Сингапур елдерінде қауіпсіздік мақсатында эпидемиологиялық бақылау күшейтілді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная