28 ноября 2018 | 21:41

Үш бүйрегі бар адамдар донор бола ала ма?

© Tumba.kz

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Сау ағзасын саудаға салғандар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Сау ағзасын саудаға салғандар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында адамның дене мүшесін өзге жанға беру сөз болды. Динара есімді қонақ өзінің сіңлісіне бүйрек керек екенін айтты. Бұл жағдайда мамандар заң тұрғысында тек туыстарының ағзасын салуға рұқсат екендігін баяндады. Динара Бүркіталина қайтыс болғаннан кейінгі донор іздеп жүргенін айтты.

Реклама
Реклама

"Биыл бізді кезекке қойды. Екі айдан бері Ресейдің, Қазақстанның сайттарына жазып жүрмін. Тек мен емес, көптеген адам іздеп жүр. Мен қанша тұратынын білгім келді, себебі табылған жағдайда мен несие рәсімдеуім керек. Әр жерден хабарласқан адамдар болды. Ақша сұрайтындар өз қарызының мөлшеріне байланысты баға қояды. Сол үшін де баға әртүрлі. Маған хабарласқандар мысалы бес, алты және 12 миллион теңге сұрағандар болды", - дейді Динара Бүркіталина.

Трансплантация бойынша ұлттық үйлестіру орталығының қызметкері Серік Нағашыбайұлы Жарықов ағзаны ауыстыру үшін қандай шарттар орындалуы керектігін айтты.

"УЗИ нәтижесі бойынша оның үш бүйрегі бары анықталса және оның паталогиясы болмай, жақсы жұмыс істеп тұрса, иә, оны трансплонтация жасауға болады. Бұл мүмкін нәрсе. Алайда көбіне бұл артық бүйрек патологиялық болады. Себебі ол ісінген болады және оның басқа адамның ағзасына салуға болмайды. Ол сол адамның өзінде қалуы керек", - дейді Серік Нағашыбайұлы.

Бағдарламаға Шығыс Қазақстан облысынан хабарласқан көрермен өзінің ағзасында 3 бүйрек екенін баяндады. Ол да бір бүйрегін мұқтаж жандарға бергісі келген, алайда дәрігерлер қан тобына байланысты рұқсат бермеген. 

Ырыскелді қажы мешітінің наиб-имамы Данияр Байдуллаевтың айтуынша, ислам дінінде трансплантация жасауға рұқсат берілген.

"Адамға өз еркімен мұқтаж жанға бір ағзасын беруіне дінімізде рұқсат берілген. Қайтыс болған адамның дене мүшелерін туыстарының келісімімен басқа бір мұқтаж жанға салуына рұқсат етілген. Адамның рухы сол дене мүшесімен бірге өтпейді, - дейді Данияр Байдуллаев.

Айгүл Ілиясова болса, қайтыс болған соң донор боламын дейді.

"Осы күнге жеткізіп, бағыт-бағдар берген атам Жәкей Ахметжанұлы бір аяғы жоқ соғыс ардагері болды. Бала кезден менің құлағымда қалғаны, атам былай деп отыратын: "Мен соғыс майданында аяғымды бердім, егер тыныштық үшін біреуге көмек болса, мен жүрегімді беруге дайынмын". Өмірге келу бар және кету бар. Менде қартайдым демеймін, бірақ сондай жағдай болып жатса менің ағзам біреудің өмірін алып қалатын болса неге бермеске?", - дейді Айгүл Ілиясова.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная