17 сентября 2019 | 15:58

Алаяқтар атыңыздан несие алса не істеу керек?

© Тұрар Қазанғапов

Сөмкесін қоғамдық орында қалдырып кетіп не алаяқтардың арбауына түсіп әмиянын қолды қылып алатын адамдар бар. Мұндай кезде жеке заттармен бірге төлқұжат та жоғалып жатады. Осындай сәттерді пайдаланып алаяқтар өзге адамның жеке төлқұжатымен несие ала алады. Адвокат Тлеужан Кішкенебаев Tengrinews.kz тілшісіне жеке төлқұжат жоғалған кезде алаяқтардың жасайтын әрекеттері жайлы айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сөмкесін қоғамдық орында қалдырып кетіп не алаяқтардың арбауына түсіп әмиянын қолды қылып алатын адамдар бар. Мұндай кезде жеке заттармен бірге төлқұжат та жоғалып жатады. Осындай сәттерді пайдаланып алаяқтар өзге адамның жеке төлқұжатымен несие ала алады. Адвокат Тлеужан Кішкенебаев Tengrinews.kz тілшісіне жеке төлқұжат жоғалған кезде алаяқтардың жасайтын әрекеттері жайлы айтып берді. 

Тлеужан Кішкенебаевтың айтуынша, қазіргі таңда өзге адамның жеке төлқұжатын пайдаланып несие алатын жағдайлар көбейіп кеткен. 

Реклама
Реклама

"Қазір құжат бойынша онлайн жүйе арқылы несие алу жағдайы көп болып кетті. Алаяқтар жоғалған не ұрланған құжатты пайдаланып несие алуы мүмкін. Өзге адамның төлқұжатын пайдалу арқылы несие алған адамдарға Заң бойынша "Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалуы керек", - дейді заңгер. 

Атыңыздан несие алынғанын қалай анықтаймыз?

Сондай-ақ адвокат өз атыңыздан өзге адам сіздің атыңыздан несие алған болса, қарыз шарты бойынша тиісті банкке бару керек екенін атап өтті.

"Егер өз атыңыздан несие алынғанын анықтасаңыз ішкі істер басқармасына арыз түсіруіңіз керек. Сонымен қатар, банк бөлімшелеріне де арыз түсіру қажет. Олар қарыз шартын беріп, тиісті тексерістер жүргізеді. Банк тарапы несиеге қатысты құжаттаманы береді. Ол құжатта несие алуға қалай өтініш берілгені, шартқа қалай қол қойылғаны және кассадан қаражатты алғанына дейін барлық ақпарат тұрады", - дейді Тлеужан Кішкенебаев.

Адвокаттың айтуынша, көп жағдайда төлқұжат иелері өздерінің атынан несие алынып жатқанын білмей қалады. Ондай жағдайда бірден банк басшылығына несие алынғанын алға тартып, шағымдануы керек екен. 

"Банктен несие алынғаны туралы шартты талап ету керек. Сол шартты алып, сотқа қарыз шартын жарамсыз деп танысын деп талап қоюға болады. Кейде тіпті банк тарапы да "несие алушы қарызын өтемей жатыр" деп, сотқа шағымдануы мүмкін. Ондай кезде "соттың шешімімен келіспеймін" деп судьялар жеңілдетілген жолмен қарастырып жатыр. Яғни сотқа ешкімді шақырмай-ақ, шағымданушы банкке өтініш берсе болды, өздері-ақ қарай салады", - дейді адвокат.

Сот процесі қалай іске асады?

Адвокат ондай кездері соттың шешімімен келіспей, күшін жоюын талап етіп, қайтадан қарастыруды талап ету керек екенін атап өтті. 

"Сот барысында шартқа қол қоймағаныңызды талап етуіңіз керек. Егер өзіңіз шартқа қол қоймаған болсаңыз, сараптама тағайындауды сұрау қажет. Сотта қарсы пікіріңізді білдіруіңіз керек. Яғни банк қарыз ақшаны өндіру туралы талап қойған жағдайда ол талаптан бас тартуды және оны қанағаттандырмауды сұрау қажет. Сол жағдайда сараптама тағайындалады. Сараптама бойынша несие алушы тиісті түрде шартқа қол қоймағаны дәлелденсе, сот банктің талабын қанағаттандырмайды", - дейді Тлеужан Кішкенебаев.

Кінәлі адамға қандай жаза тағайындалады?

Бұдан бөлек ішкі істер басқармасына қылмыстық іс қозғау туралы шағымдануға болады. Сол бойынша басқарма тиісті тексерістер жүргізіп, кінәлі адамдарды табады. 

"Алаяқтар табылған жағдайда Қылмыстық кодекстің 190-бабымен "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғауы мүмкін. Кей жағдайда несие беретін адамды да мұқият тексеру қажет. Себебі несие беруші мен өзге адамның төлқұжатымен несие алушы сыбайлас болуы мүмкін. Бізде ондай жағдайлар да көп кездесіп жатыр", - дейді адвокат. 

Қылмыстық іс қозғалған жағдайда жаза Қылмыстық кодекстің қай тарауына жататынын анықтағаннан кейін тағайындалады. 

"Іс қозғалған жағдайда Қылмыстық кодектің 190-бабы бойынша 1, 2, 3 және 4-бөлігі деп бөледі. "Алаяқтық" бабы бойынша өзге адамның атынан несие алғаны дәлелденген жағдайда бірінші бөлік бойынша сараланады. Егер алаяқ бір емес, бірнеше адамның атынан несие алған болса, әрбір қылмысы бір бөлім болып саналады. Яғни 10 адамды алдаған болса, 10 бөлім деп есептеледі. Осы бойынша 2019 жылы Заңға өзгеріс енгізілді. Қылмыс бөлімі көбейген адамдарды үшінші бөлікке ауыстырады. Яғни 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оны сот белгілейді", - дейді адвокат.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная