ПОДЕЛИТЬСЯ
02 ноября 2020 | 15:05
Кредит алғанда кепілгер болудың қандай қаупі бар?
Банк кредит алушыдан мүлікті кепілге қоюды немесе бір адамның кепіл болғанын талап етуі мүмкін. Яғни қарыз алушының табысы жеткілікті болмай қалуы мүмкін жағдайда кепіл болатын адам қажет дейді. Ал кепіл болатын адам оны тек қағаз жүзінде екен деп ойлап, оған қандай қауіп төнуі мүмкін екенін біле бермейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Лаура Жолшыбаева айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Банк кредит алушыдан мүлікті кепілге қоюды немесе бір адамның кепіл болғанын талап етуі мүмкін. Яғни қарыз алушының табысы жеткілікті болмай қалуы мүмкін жағдайда кепіл болатын адам қажет дейді. Ал кепіл болатын адам оны тек қағаз жүзінде екен деп ойлап, оған қандай қауіп төнуі мүмкін екенін біле бермейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Лаура Жолшыбаева айтты.
Оның айтуынша, қарыз алушы мен кепілгерге бірдей талаптар қойылады.
"Кепіл ретінде келген адамға қойылатын талаптар кредит алатын адамның өзіне қойылатын талаптармен бірдей. Яғни, банк оның да төлем қабілетін бағалайды, несие тарихын тексеріп, зейнетақы жинағы туралы анықтаманы, оның ай сайынғы кірісін растайтын құжатты сұрайды. Сондықтан бұл үлкен жауапкершілік", - дейді Жолшыбаева.
Кредит төленбесе, банк жалақының қанша пайызын ұстай алады? - Заңгер түсіндіреді
Заңгер қарыз алушы кредитін уақтылы төлемесе, ол кепіл болатын адамның да несие тарихына кері әсерін тигізетінін айтады.
"Борышкердің кредит бойынша қарызы уақтылы төленбесе және мерзімі өтіп кетсе, бұл жағдайда кепіл болған адам да зардап шегеді. Қарыз алушының кредитті өтеуге жағдайы болмаса, онда кепіл болған адам несиені өз қалтасынан төлеуге міндеттеледі. Мұның барлығы қаржы сауатсыздығынан болады. Сондықтан да сіз қарыз алатын танысыңыздың немесе туысыңыздың төлем қабілетіне күмәндансаңыз және қарызды уақтылы төлей алатынына 100 пайыз сенімді болмасаңыз, онда кепіл болудан бас тартқан жөн", - дейді Жолшыбаева.
Сондықтан заңгер кепіл болудың алдында бірінші кезекте қарыз сомасына назар аудару керегін айтады.
"Кепіл болатын адамның қанша ақша және қанша мерзімге алып жатқанын ескеру керек. Сосын оның табысын да білу қажет. Егер оның тұрақты жұмысы болып, табысы жақса болса, мұндай жағдайда уайымдаудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, қарыздың кай компаниядан алынатынына назар аударыңыз. Ол ұйымның қаншалықты қауіпсіз, сенімді екенін, оның шарттары мен ұсыныстарын мұқият қарап шығу керек. Қосымша комиссия мен айыппұл болу-болмауын да анықтау қажет", - деп кеңес береді сарапшы.
Сол себепті заңгер кепіл болатын адамға барлық факторды ескеру керегін айтады.
"Сіз кепілгер болған жағдайда шұғыл ақша қажет болса, өзіңізге несие алу қиынға соғады. Несие алу үшін банкке барған кезде олар сіз туралы барлық мәліметті зерттейді. Сіздің табысыңызды есептеп, қанша ақша бере алатынын шешеді, яғни төлем қабілетіңізді ескереді. Ал кепілгер болсаңыз, кепіл болған несие сомасы алып тасталып, сіздің табысыңыз айтарлықтай азаяды. Нәтижесінде банк сізге кредит беруден бас тартуы мүмкін", - дейді заңгер.
Қолданбайтын банк картасының қаупі неде? Заңгер түсіндіреді
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также