Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp





Назарбаев Университетінің жоғары мемлекеттік саясат мектебіндегі әлемдік деңгейдегі білім

Қазіргі таңда саясат әзірлеп, оны жүзеге асыру процесі көптеген сын-тегеурінге ұшырап жатыр. Бұған қоғамның өзгеріске ұшырап және ол өзгерістердің қарқынды дамуы себеп отыр. Сондықтан да басқарушылар күрделі мәселелердің шешімін алдын ала анықтап, шешім қабылдай білуі керек.
Біздің халықаралық профессорлар-оқытушылар құрамы тиімді басқару принциптері мен инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, Қазақстан мен Орталық Азияда саясаткерлер мен көшбасшыларды дайындау үшін мінсіз орта құрып отыр.
Жас мамандар мен басқарушылардың білім алу мақсатында қояр сауалдары ерекшеленеді. Сол себепті сіздер үшін арнайы Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде магистратура бағдарламалары әзірленді: ЖОО түлектері үшін "Мемлекеттік саясат магистрі" бағдарламасы (MPP бағдарламасы) мен кішігірім еңбек өтілі бар, сондай-ақ, білімін және дағдыдарын жетілдіргісі келетін, жұмысының тиімділігін арттырғысы келетін орта және жоғары буын менеджерлеріне арналған "Мемлекеттік басқару магистрі" бағдарламасы (MPA).

МРА бағдарламасы кешкі және демалыс күндері ғана оқу формасын ұсынады. Осылайша оқудың бұл түрі жұмысты сақтап қалуға көмектеседі.
Қабылдау комиссиясының мақсаты - талантты жастарды және мемлекеттік сектордың болашақ басқарушыларын анықтап, оларды таңдап алу.
Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне өтініш қалдырған соң уайымдап, оның нәтижесін күткен сәт көбіне таныс болуы керек. Барлығын дұрыс жаздым ба? Өтінішім қандай әсер қалдырды? Жақсы өтініш дайындау үшін айтарлықтай күш-жігер керек. Бірақ расында ол аса қиын емес.

Комиссия мүшелерінің міндеті - мемлекеттік саясат саласында жарқын әрі жаңа идеялар таба алатын көшбасшыларды таңдау. Айта кететіні, комиссия үміткерді таңдау кезінде оның потенциалын байқап, осы салаға түрлі көзқарастарымен әсер ете алатын студенттерді тартуға тырысады. Осылайша студенттер мен оқытушылар сабақ кезінде өзекті тақырыптарда пікірсайысқа түсе алады.
"Үміткерлер құжатты тапсыру кезінде сауалнамада көрсетілген екі тақырып бойынша жазған эсселерін көрсетуі тиіс. Эссенің тақырыбы үміткердің қай бағдарлама бойынша тапсырып жатқанына байланысты және ол тақырыптар жыл сайын өзгеріп тұрады. Әр эссе 500 сөзден аспауы тиіс, яғни жауаптар толыққанды, бірақ ұзақ емес болуы қажет.

Әңгімелесу кезеңінен өткен үміткерлер өзінің талдағыш ақыл-ой жүйесін көрсетуге дайын болуы керек. Сұхбаттасуға 30 минут қалғанда қабылдау комиссиясы үміткерлерге кейс-стади ұсынады. Онда белгілі бір елдегі мемлекеттік саясат саласындағы нақты проблема сипатталады. Үміткер кейс-стадиге талдау жүргізіп, ондағы мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын айтады", - дейді Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне қабылдау жөніндегі аға менеджер Әсел Мұсабаева.

Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне түсу үшін үміткерлердің еліміздегі азаматтардың өмірін өзгертіп, оны жақсартып, қоғамға пайдасын тигізуге деген ынтасы өте маңызды болғандықтан, әлеуметтік жобаларда ерікті болып жұмыс істеу, сондай-ақ, белсенді азаматтық ұстанымының болуы үміткерлерге басымдық береді.
Жоғары мемлекеттік саясат мектебіндегі бағдарламалардың артықшылығы неде?
Оқу процесі ағылшын тілінде Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің стратегиялық серіктесі - Сингапурдағы Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен бірігіп жүргізіледі.
MPP және MPA бағдарламалары бойынша білім алу аясында Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде бірнеше модульден өтуге болады. Яғни ол модульдерде студенттер 2,5 апта ішінде теория мен тәжірибені бірге алып жүре алады. Сонымен қатар, MPP бағдарламасы бойынша академиялық үлгерімі жоғары магистранттар студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша бір семестрге Сингапурда оқып келе алады.
Бұдан бөлек, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде магистратураға дайындалуға арналған бағдарлама бар. Бағдарламаның негізгі мақсаты - магистратура бағдарламаларының потенциалды студенттерінің тілдік деңгейін көтеру, сондай-ақ, олардың ғылыми-зерттеу, қарым-қатынастық және басқа да дағдыларын дамыту.
Біреу үшін магистр деңгейі - өз компаниясында кәсіби тұрғыда өсу үшін қажетті біліктілік болса, біреулер үшін жаңа жұмысқа орналасып, өзінің бағыт-бағдарын қайта ойластыруға мүмкіндік береді.
Магистратураны аяқтаған соң қайда жұмыс істеуге болады?
Мемлекеттік қызметкердің мансабы қызықтырса, мемлекеттік секторда жұмыс істей аласыз: халықаралық ұйымдарда, әлеуметтік салада немесе коммерциялық емес ұйымдарда, саяси сарапшы ретінде; бизнес секторда: білім басқармасы саласында маман болып немесе HR саласында, сондай-ақ, мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі кеңесші болып жұмыс істеуге болады.

Ғылыми саланы таңдайтын болсаңыз, бізде мемлекеттік саясат саласында PhD бағдарламасы бар.
Жоғары мемлекеттік саясат мектебіндегі әрбір бағдарламада білім беру гранттары қарастырлыған. Олар оқудың ақшасы мен ай сайынғы шәкіртақыны қамтиды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 10 желтоқсанынан - 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін.

Сондай-ақ, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде мемлекеттік орган, халықаралық ұйымдар мен ғылыми-өндірістік қауымдастықтың қызметкерлеріне, бизнес-сектор өкілдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтеді.

https://tilda.cc/page/?pageid=4656890&projectid=103731

Материал Назарбаев Университетінің жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қолдауымен дайындалды

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети