16 ноября 2020 | 11:52

"1000 теңге". Димаш Құдайберген алғашқы табысы туралы айтты

© instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген ресейлік Muz-TV музыкалық телеарнасының бас директоры Арман Давлетяровқа сұхбат берді. Сұхбат барысында әнші бала күнгі арманы, ең алғашқы табысы және жеке өмірі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал әнші Димаш Құдайберген ресейлік Muz-TV музыкалық телеарнасының бас директоры Арман Давлетяровқа сұхбат берді. Сұхбат барысында әнші бала күнгі арманы, ең алғашқы табысы және жеке өмірі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Димаш Құдайберген бала күнінен тек үлкен сахнаға шығуды армандағанын айтады. 

Реклама
Реклама

"Бала кезімізде сурет салғанда, шамамен 2-3 жасымда, басқа балалар тек көліктің суретін салса, мен студия, компьютер, дыбыс күшейткіштері, колонка, эквалайзер, микрофон мен сахнаның суретін салатыным есімде. Мен сол кезде арманымды, жоспарымды ғарышқа жібердім. Қазір олар біртіндеп орындалып жатыр. Мен, неге екені, үнемі үлкен сахнада өнер көрсеткім келді. Ес білгелі басқа мамандық иесі болам-ау деп ойламадым да. Мен тек әнші, әртіс боламын деп ойлайтынмын", - дейді әнші. 

Әнші балалық шағындағы ең жарқын естелігін де бөлісті. Оның айтуынша, ең алғашқы табысы - 3 доллар болған. 

"Айналайын" атты республикалық конкурста бес жасымда лауреат атандым. Маған мақтау қағазы мен 1000 теңге берді, қазір ол шамамен 3 доллар. Мақтау қағазым мен 1000 теңгені әжеме беруге асықтым. Үйге жақындаған кезде анамнан қайта-қайта "Ақша сізде ме? Қазір әжеме береміз" деп сұрадым. Бұл менің ең алғашқы табысым", - дейді Димаш. 

Димаш Құдайберген ақша, қаражат туралы сөйлескісі келмейтінін атап өтті. 

"Мен үшін ақшаның орны бос. Ақшаны өмір сүру үшін ғана табамыз, болды. (...) Мен жалпы ақша туралы сөйлескенді ұнатпаймын. Себебі ол туралы айтудың да қажеті жоқ", - деді ол. 

Сонымен қатар, Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты сұрақтарға нүкте қойды. 

"Жеке өмірім туралы айтқанды ұнатпаймын. Себебі ол - менің жеке өмірім. Жеке өмірің туралы жариялай бермеген кезде көңілің тыныш болады. Әзірше басым да, жүрегім де бос", - деді әнші. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная