18 мая 2021 | 14:48

"5 минут сөйлессең, бірден ғашық боласың".

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
© РИА Новости

Бүгін, 18 мамыр - Батырхан Шүкеновтің туған күні, тірі болса 59 жасқа толар еді. Tengrinews.kz тілшісі әншінің әріптестері мен достары айтқан ерекше естеліктерді топтастырды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 18 мамыр - Батырхан Шүкеновтің туған күні, тірі болса 59 жасқа толар еді. Tengrinews.kz тілшісі әншінің әріптестері мен достары айтқан ерекше естеліктерді топтастырды. 

"Батыр, ол - күн"

Ресейлік музыкант кіші Владимир Пресняков:

Реклама
Реклама

"Батырда ешқашан "жаман" деген ұғым болған жоқ, ол үшін барлығы жақсы болатын, өмірі күліп жүретін. Батыр ол - күн. Өміріміздің жартысын бірге өткіздік. Бірге ән айттық, ән жаздық, бірге сапарладық, бұзықтық жасадық. Мен сені қатты жақсы көремін және қатты-қатты сағындым".


Батырхан Шүкенов. © instagram.com/keti_one_official

 "Отбасымның бір мүшесіндей болды"

Қазақстанның еңбек ері Роза Рымбаева:

"Отбасымның бір мүшесіндей болатын. Менің концертім болса бар жоспарын, бар жұмысын тастап концертім үшін ұшып келуші еді, дуэт болып ән айтатынбыз. Жоспарымыз көп болатын. Біздің бірге шырқаған екі әніміз болды, бірін Игорь Крутой, екіншісін Батырхан жазды, енді оларды жалғыз шырқауыма тура келеді".

"Батя" деп атайтын

Ресейлік сазгер Владимир Пресняков:

"Батырды баламдай көрдім, "батя" деуші еді. Онымен 5 минут сөйлессең болды, оған адам ретінде бірден ғашық боласың. Біз 5 минут ғана емес, ұзақ уақыт әңгімелесетінбіз, күнде. Концерттерде бірге жүрдік. Біздің біреуімізде концерт болса, ол жайдан-жай келе салатын, сахнаға шығып, әнін шырқап беретін. Оның концерті болса біз баратынбыз, Батырхан да мен сияқты саксофонда ойнады, бұл бізді одан әрі жақындата түсті".


Ал Ресей сахнасының примадоннасы Алла Пугачева Батырхан Шүкеновті "Ұлым" деп атаған екен.

"Батыр - аңыз адам"

Ресейлік музыкант Алексей Чумаков:

"Батыр - аңыз адам. Ол әрдайым кездескенде екі алақанын бір-біріне қосып, басын сәл изеп сөз бастайтын. Сонда мен, "Батыр, біз сені көрген сайын саған бас июіміз керек", дейтінмін және расында да мен әрдайым оған бас иетінмін. Ол менің бұл әрекетімнен ұялатын, бірақ мен онымен танысқаннан бастап басымды идім".

 "Сахнаға ән айтып шығудан қатты қорқатын"

Музыкант Байғали Серкебаев:

"Батырхан екеуміз ортақ досымыз, саксофоншы Гарик Геллердің үйінде таныстық. Ол саксофонда мықты ойнайтын азаматпен таныстырамын деп, үйіне шақырған болатын, ас үйге кірсек қарапайым, кіп-кішкентай бала шәй ішіп отыр екен, осылай танысқан болатынбыз. Батырхан ән айтамын деп мүлде жоспарламады. Әлі есімде, бір әнді айтқызу үшін мен оны күштеп, мәжбүрледім. Ол сахнаға ән айтып шығудан қатты қорқатын, ол өзін саксофонымен ғана жақсы сезінетін. Оның бірінші айтқан әнінен-ақ барша жұрт оның жеке әнші ретінде дарынын байқады".

"Батырхан бейбітшіліктің азаматы болатын"

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, марқұм Болат Сыздықов:

"Батырхан бір кездері менімен бірге тұрды. Бір бөлмелі пәтер, тоңазытқышты ашсақ, ішінде сарымсақ, қара нан мен шомыр бар екен, содан салат жасап жедік. Таң атқанша сол салатқа күліп, ол саксофонын мен гитарамды ойнадым, сол сәтті ұмытпайтын едік. Батырхан бейбітшіліктің азаматы болатын. Оған ұрсысу, жанжалдасу деген жат әрекет еді, әрқашан келеңсіз жайттарда "сөз таластырмайықшы, одан да дайындалайық" деп отыратын".


Батырхан Шүкенов пен Болат Сыздықов. Естеліктер, видео және суреттер ашық дереккөздерден алынды.

Батырхан Қамалұлы Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келіп, 2015 жылы 28 сәуірде жүрек талмасынан қайтыс болды. 

Батырхан Шүкенов - қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, сазгер. Ол 2000 жылға дейін A`Studio тобының құрамында өнер көрсетіп, танылды.

Батырхан Шүкенов ескерткішінің эскиздері пайда болды


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная