Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 января 2020 17:55

"Әділ берілмейді". Әбдіжаппар Әлқожа музыкалық жүлделерді сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/abdizhappar_alkozha © instagram.com/abdizhappar_alkozha

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа Аман Тасығанның Talklike бағдарламасында отандық музыкалық жүлделердің әділ берілмейтінін айтып, Q-Pop жанрындағы топтарды сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші Әбдіжаппар Әлқожа Аман Тасығанның Talklike бағдарламасында отандық музыкалық жүлделердің әділ берілмейтінін айтып, Q-Pop жанрындағы топтарды сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әншінің айтуынша, былтырғы "Жыл таңдауы" музыкалық жүлдесі әділ өтпеген. 

"Берсін бермесін, өнер - бәсеке ғой. Өнерде намыс болуы керек. Намысыма қатты тиді. Жазба жаздым. Сол жазбадан кейін де "Жыл таңдауының" продюсерін көрмей кетсем де жаздым. Менің қатарластарымның бәрі шығып тұр. Халық та көріп тұр ғой, 15 мың адам. Q-рop жанрында айтатын жігіттермен қатарлас шықтық. Мен өз басым танымаймын, кешірсін, олар да мені танымайтын шығар.

Жұмысым да жоқ, шаруам да жоқ, ішкі ойым да. Бірақ шашын бояп алып, сырға тағып алып шыққан балаларға номинация беріп жатыр. Бәріне берді, бір-екеуі фонограммамен айтты. Нұрболат Абдуллин - досым ғой, қатарласым. Оған бергеннен кейін маған да беруі керек еді де. "Жыл таңдауында" айтқан ән - өздері сұрап алған ән", - дейді әнші. 

Оның сөзінше, биылғы "Жыл таңдауына" да шақырылмаған. 

"Менің ойымша, Қазақстанда әділ өтетін жүлде жоқ. Жүлде бергіштер - қате", - деп жауап берді әнші. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети