ПОДЕЛИТЬСЯ
06 августа 2018 | 10:48
Бағлан Әбдірайымовтың анасы жансақтау бөліміне түсіп қалды
"Жігіттер" тобының солисі Бағлан Әбдірайымовтың анасы қан қысымы күрт көтеріліп, жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Жігіттер" тобының солисі Бағлан Әбдірайымовтың анасы қан қысымы күрт көтеріліп, жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы Instagram желісінде хабарлады. Оның айтуынша, анасының қан қысымы көтеріліп, есін жоғалтып алғаннан кейін жергілікті ауруханаға жеткізілген.
"Есіте сала ауылға ұшқам. Анаммен жүздесіп, көңілім орнына түскен. Екі күн бұрын ауруханада тағы сол жағдай қайталанып, жансақтау бөліміне түсті. Есін жиды да, қайта ұйқыға (кома) кетті. Содан бері Алладан жәрдем сұрап, жанымызды шүберекке түйіп жүрміз!", - деп жазды Әбдірайымов.
Қазіргі уақытта, оның айтуынша, Алматы мен Шымкент дәрігерлері қолдан келгенін айтып, бар күшін салып жатыр.
"Әзірге орнынан қозғалтуға болмайтынын қатаң ескертіп Түлкібас ауданында орталық ауруханада жатыр! Кішкентай қара домалақ анамның жағдайы осы. Сіздерден несін жасырайын... Неше түрлі ойға шомып, қорқыныш билеп жүр. Анасыз өмір сүру қандай қиын. Ағайын, көп тілеуі қабыл болады! Тілекші болыңыздаршы!", - деп өтінішін айтты әнші.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также