06 ноября 2021 | 19:38

"Бастауыш сыныпқа сабақ беремін" - қазақ тілінде рэп орындайтын мұғалім Еңлік Құрарбек

Yenlik лақапатымен танымал Еңлік Құрарбек рэп орындап, қазақ тілді тыңдарманды тамсандырып жүр. Еңліктің Dop атты алғашқы туындысы біраз уақыт бойы Желі мен қазақстандық ТОП-тардан түспеді. Бірақ Yenlik туралы қызық деректер тек осымен бітпейді. Толығырақ Тengrinews.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Yenlik лақапатымен танымал Еңлік Құрарбек рэп орындап, қазақ тілді тыңдарманды тамсандырып жүр. Еңліктің Dop атты алғашқы туындысы біраз уақыт бойы Желі мен қазақстандық ТОП-тардан түспеді. Бірақ Yenlik туралы қызық деректер тек осымен бітпейді. Толығырақ Тengrinews.kz материалында.

Еңлік Құрарбек Алматы қаласының тумасы. Ол жастайынан музыкаға жақын болған көрінеді. Өзінің айтуынша, оның әкісі де, анасы да ақын. Дегенмен Еңілік музыкалық білім алмаған.

"Мектепте мұғаліммін. Ағылшын тілінен бастауыш сыныптарға сабақ беремін. Бұрындайда №17 мектепте жұмыс істеймін", - дейді Еңлік "Қызық Live" бағдарламасында.

Реклама
Реклама

Бірақ Еңлік музыка мен ұстаздық арасында таңдау туса, ойланбастан музыканы таңдайтынын жасырмады.

Еңліктің бастапқыда рэп жазу ниеті болмаған екен. Алғашқы танымал әні Dop-ты шығарғанда оны "рэп стилінде орындаймын" деген ойы болмаған.

"Әнді жазғанда рэп болады деп ойлаған жоқпын. Бірақ достарым көргенде: "мынау рэп қой" деді. Өзіме терме сияқты. Негізі менің әндерімді "заманауи-терме" десе болады", - деді Еңлік.  

Рэпер-мұғалім бұған дейін де музыкамен айналысқан екен. Бірақ 2019 жылы біраз уақытқа музыкадан қолүзген.

"Бұған дейін де айналысып жүрдім, бірақ сәтті шықпады. Сосын өз-өзіммен жұмыс істеп, кейін шығару керек екенін түсіндім. Bipl атты әнді музыканы қайта қолға алған кезде жазған едім. Онда "музыкаға қайта ораласың ба?" деген ой бар", - деді әнші.

Сондай-ақ, Еңлік тәжірибе жинау үшін шетелге шығып, бақ сынауды жөн санайтынын айтты. Оның айтуынша, өзінде де ондай ой бар. Бірақ қай жерде жүрмесін қазақша ән жазуды тоқтатпақ емес.

"Қазақстанды көтеру үшін шетелге барып тәжірибе жинап немесе сол жақта тұрып келу болса, онда, иә. Мен оны қолдаймын. Өзім де соны ойлап жүрмін. Ол жақта да қазақша жазамын, неге жазбасқа", - дейді Еңлік.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная