ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сентября 2019 | 15:34
"Биліктің қолшоқпары болмаймын". Мейрамбек Бесбаев саясатқа неге кетті
Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кеңесшісі қызметін атқарады. Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кеңесшісі қызметін атқарады. Бұл туралы әкім Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штатан тыс кеңесшім етіп тағайындадым", - деп жазды Сағынтаев.
Tengrinews.kz тілшісі Мейрамбек Бесбаев туралы мәліметтер жинады.
Электр аспапты домбыраға алмастырған
Мейрамбек Бесбаев 1976 жылы 8 қарашада Жамбыл облысындағы Талас ауданында туған. Бала кезінен әнге құмар Мейрамбек музыка мектептерінде оқыған. Таразда "Глинка" атындағы музыка мектебының Қобыз сыныбын оқып бітірген.
Басында бала Мейрамбек электрмузыкалық аспаптарға қызыққан, бірақ кейін домбыраға әуестене бастайды. Ұлттық аспапты меңгеріп алған соң, ол 1989 жылы 13 жасында Алматы қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мектепке ауысады.
© allinfo.kz
Бірақ Бесбаев бірден әншілік жолды таңдамайды. 1994 жылы болашақ әнші Темірбек Жүргенов атындағы театр және кино академиясына түсіп, сонда төрт жыл тәлім алады. Дегенмен драма актері болып оқыған ол музыкаға қайтып келеді. Сөйтіп, кәсіпқой карьерасын Сүйінбай атындағы филармонияда солист қызметімен бастайды.
Бағын ашқан - "МузАРТ"
Мейрамбек Бесбаевты танымал еткен - 2001 жыл. Сол жылы "МузАРТ" триосы құрылып, Мейрамбек топтың вокалисі атанады. Үш жігіттен құралған топ Қазақстанда бірден танылып шыға келеді. Сондықтан 2003 жылы танымал топ Қытай мен Ресейге аттанып, сонда концерт беріп қайтады.
2008 жылы "МузАРТ" концерті үш күн бойы қайталанып, бәрінде де аншлаг жиналады. Сол кезде жанкүйерлері оларды қазақстандық Beatles деп атап кеткен. Бүгінге дейінгі 18 жылда "МузАРТ" тобы да, Мейрамбек Бесбаев та өз тыңдармандарын жоғалтқан жоқ.
"МузАРТ" тобы. © gakku.kz
Бесбаев соңғы уақытта топтан бөлек жеке шығармашылығымен де айналысып жүр. Оның "Кінәлама", "Сен үшін жаралғандаймын", "Алғашқы махаббат", "Сүйіктім" секілді әндері көптің көңілінен орын алды. Сонымен қатар, әнші терме де орындап тұрады.
Актер де бола алады
Танымал әнші көп сұхбат бере бермейді. Отбасы туралы да мәліметтер көп емес. Жарының есімі - Мархабат. Олар екі баланы тәрбиелеп отыр. Үлкен қызы Кәусар - 12 жаста. Ал кішкентай ұлы Әбухайыр биыл төртке толды.
Студент кезінде драма театры мамандығына оқыған Бесбаев киноға да түсіп үлгерген. Ең алғаш рет 1991 жылы "Қоштасқым келмейді" фильмінде ойнаған. Ал 2010 жылы "Ғашық жүрек" фильмі мен келесі жылы оның жалғасында өз-өзін сомдайды.
Мейрамбек Бесбаев - ҚР Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. 2012 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атанған. 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медалін иеленген.
"Саясатты түсінбеймін"
Биыл жазда Мейрамбек Бесбаев TalkLike YouTube-арнасына берген сұхбатында өзін саясатта көре алмайтынын айтқан болатын.
"Саясатты жақсы түсінбегеннен кейін оған бара бергім келмейді. Бірақ өзімнің ойымды бүкпесіз айта аламын. Өзіме қатысты, өнеріме қатысты дұрыс емес жағдайлар жасап жатса, айта аламын. Шынымды айтсам, қазіргі депутаттардың аттарын да білмейді екенмін. Енді жаттай бергенде, ауысып кетеді. Солардың қасында жүргенге құмар емеспін. Маған студия, достарым, сахна, гастроль жақынырақ. (...) Билік те маған құмартып тұрғаны шамалы секілді. Мен де олардың қолшоқпары боламын деп ойлай қоймаймын", - деген еді Мейрамбек.
© almaty.tv
Бірақ сол сұхбат барысында танымал әнші өнерге қатысты кеңес сұраса, соны айту үшін билікке бара алатынын айтқан.
"Өнер жағында мен келіспейтін заңдар бар. Егер менің пайдам тиетін болса, менен ақыл сұраса, соны айту үшін баратын шығармын. (...) Бұған дейін биліктен ұсыныс болған. Бірақ мен жылы ғана қайтарып тастағанмын. Ұсыныстар - өнердің ар жақ - бер жағын басқару. Бірнеше мәрте ұсыныс болған. "Мен түсінбеймін" деп жауап бердім. Өзім түсінбей тұрғанда, даусым барда, көрерменім барда, әнімді айтып, жүре берейінші дедім", - деген болатын Бесбаев.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также