Игорь Крутой Түркиядағы мерейтойына Иманғали Тасмағамбетовті шақырған

Игорь Крутой Түркиядағы мерейтойына Иманғали Тасмағамбетовті шақырған © instagram.com

Ресейлік танымал композитор Игорь Крутойдың мерейтойында әнші Димаш Құдайбергеннен бөлек Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қонақ болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Ресейлік танымал композитор Игорь Крутойдың мерейтойында әнші Димаш Құдайбергеннен бөлек Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов қонақ болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Игорь Крутой 65 жас мерейтойын Түркияда атап өткен. Оның қонақтарының тізімінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де болған. Димаш шетелдегі мерейтойға ата-анасымен бірге барған.

Сонымен қатар, композиторды құттықтау үшін Түркияға Иманғали Тасмағамбетов те барған. Кеше Димаштың Instagram желісіндегі фан-парақшасында әншінің отбасымен және Тасмағамбетовпен бірге түскен суреті жарияланған.

Реклама
Реклама

Ал бүгін Игорь Крутой Instagram желісіндегі парақшасында мерейтойында түсірілген видео жариялады.

"Мерейтой алдындағы "әппақ кеш". Қасымдағылар Юрий Антонов, Димаш, Иманғали Тасмағамбетов пен билеп жүрген немерем", - деп жазды композитор.

Естеріңізге салсақ, Крутой бұған дейін #Abai175 челленджіне қатысып, ақынның бір туындысын оқыған еді. Артынша ол эстафетаны Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовке жолдаған болатын. Тасмағамбетов композитордың жолдауын қабыл алып, Абайдың Алтыншы қара сөзін оқыған еді.

Tengrinews
Вопрос от автора
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама