19 октября 2018 | 10:01

"Желтоқсан желі" әнінің сөзін жазған ақын Әбдірахман Асылбеков өмірден өтті

Әбдірахман Асылбеков

"Желтоқсан желі" әнінің сөзін жазған ақын Әбдірахман Асылбеков өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Желтоқсан желі" әнінің сөзін жазған ақын Әбдірахман Асылбеков өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Instagram желісінде музыкант Ринат Гайсин естіртті. "Бүгін ақын Абдрахман Асылбеков ағамыз дүниеден өтті. Алла алдынан жарылқасын", - деп жазды музыкант.

Реклама
Реклама

Ертең, 20 қазанда сағат 10.00-де Қазақстан Жазушылар одағында марқұммен қоштасу рәсімі өтеді.

Әбдірахман Асылбеков - 1938 жылдың 1 мамырында Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 

1955 жылы "Бейбітшілік бақшасы", "Жауды аяған жаралы" сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысқан. Көптеген байқаудың жеңімпазы, жүлдегер. Ақын әуені Желтоқсан көтерілісінің екінші күні жазылған "Желтоқсан желі" әнінің өлеңін жазған. Ән авторы - Әбиірбек Тінәлі. Сонымен қатар, ақын үйлену тойларының символына айналған "Жар-жар" әнінің сөзін жазған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная