Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 февраля 2019 11:55

Қара шалдың үнімен елді жылатып, Мейрамбектің жұлдызын жаққан - Алтынбек Қоразбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін композитор, әнші, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынбек Қоразбаев 71 жасқа толып отыр. Tengrinews.kz тілшісі композитордың өнер жолы қалай басталғаны, Елбасының ұсынысы және "өзінен озған шәкірттері" жайлы әңгімелейді.


Бүгін композитор, әнші, Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынбек Қоразбаев 71 жасқа толып отыр. Tengrinews.kz тілшісі композитордың өнер жолы қалай басталғаны, Елбасының ұсынысы және "өзінен озған шәкірттері" жайлы әңгімелейді.

Ол 1948 жылы Жамбыл облысы, Қызылсай ауылында дүниеге келген. Музыканы ең алғашқы болып Бескемпір ағасы үйреткен. Бала кезінде оған мандалинді сыйға тартқан. Болашақ композитор гормошканы да жас кезінде игеріп алған.

Ол он бес жасында Жамбыл қаласында орналасқан мәдени ағарту училищесіне түсіп, сол жерде марқұм ұстазы Әбілахат Төлешов домбырада ойнауды үйреткен. Композитор бірінші курста-ақ 4-курстың бағдарламасын игерген екен. Екінші курста жас талант училищенің оркестрында концертмейстер болған. Сол уақытта талант иесі екі аспапта ойнауды игеріп алған - пианино және баян. 1973 жылы Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияны бітіреді.

Композитор ән жазып, оны шырқап қана қоймай, кезінде белгілі болған музыкалық ұйымдарға жетекшілік жасап, "Алатау" вокал-би ансамблін құрған.


"Алатау" триосының мүшелері: сол жақтан бірінші Алтынбек Бекмұратов, Мұхтар Рахманқұлов, Алтынбек Қоразбаев

1978 жылы Жамбыл облыстық мемлекеттік филармонияның жетекшісі болған. 1986 жылдан бастап ол авторлық кештерін өткізген. 1989 жылы 5 рет жеті домбыраның үнімен концерт ұйымдастырған. Жеті домбырашының қатарында Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Жанар Айжанова, Мейрамбек Бесбаев сынды танымал әншілер болған.

Композитордың айтуынша, ол кездері әртістер қолданатын қазіргі техникалар болмаған, бірақ соған қарамастан домабыра шертіп, ән салып халықтың назарын өздеріне аудартып, қошеметке ие болған. Жарты ғасырдағы ең танымал әндері "Сырғалым", "Қара кемпір", "Қара шал", "Бозторғай", "Шашбаулым", "Әгугәй, домбыра", "Сағындым Кенен атамды", "Ақмоншақты ауым", "Жиырма бес", "Үшқоңыр", "Сарыарқа", "Елге сәлем".

Айта кетейік, Қоразбаев елімізде ғана емес Қырғыз Республикасында да марапатқа ие болған. Ол Қырғызстанның халық әртісі.

Бір сұхбатында танымал композитор 1989 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев оған мәдениет министірлігіне баруға ұсыныс жасағанын айтты. Бірақ ол бас тартыпты. Өзін халықтың алдында жүргісі келетінін және кейде бір күнде екі концертке дейін беретінін айтқан. Оған қоса шығармашылық жұмысқа деген ынта-жігері лаулап тұрғанын түсіндірген.

Қоразбаев өзін әртіс ретінде мойындалғанын және халық сүйіспеншілігіне бөленгенін айтады.

Қазіргі кезде жұлдызы жанған әншілер оны концерттеріне шақырып, бата беруін сұрайды. Қоразбаевтың қоржынында 60-тан аса ән бар. Оның 20-дан астамы халықтың аузында.

Халық әртісінің айтуынша, шын әнші тек қанында, жанында табиғи дарыны болса ғана үлкен жетістікке жетеді. Ал тек училищені немесе музыкалық мектепті бітірген адамның тұла бойында қабілет болмаса ол ешқашан да биік дәрежелі әнші бола алмайды. Алтынбек Қоразбаевтың алдынан көп әншілер өткен. Ол ешкімнің бетін қайтармағанын айтты. Талай шәкірт тәрбиелеп шыққан сазгердің бұлай сөйлеуіне де себеп бар, өйткені оның музыка саласында жүргеніне 55 жылдай болды.

Алтынбек Қоразбаевтың шәкірттері көп. Олардың қатарында жұлдызы жарқыраған Мейрамбек Бесбаев және Тоқтар Серіков сынды әншілер бар.

Композитор сұхбаттарының бірінде Мейрамбек Бесбаевты өзінің баласынан артық көретінін айтқан. Оны 12 жасында Алматыға алып келіп, оқуға түсірген. "Бозторғай әнін жазып" оны Мейрамбекке шырқатқан. Оның барлық шығармашылық жолында оған нұсқау көрсеткен. Композитор мұны "ұстаздан шәкірт озардың" анық мысалы деді.

1989 жылы әнші өзінің ұстазы Нұрғиса Тілендиевтің алдында Мейрамбекке "Бозторғай" әнін шырқатқан. Қазақтың ұлы композиторы сол кездегі жас баланың дарынына таңғалған екен. Қоразбаев болса Тілендиевтен жас балаға бата беруін сұраған. Қазақтың ырымын жасатып, Тілендиевке Мейрамбектің аузына түкірткен.

Әртістің айтуынша, оның әр облыста кемінде бір шәркіті бар екен. Композитордың кеңес кезінде жазған үш әні: "Қара қыз", "Қара шал", "Қара пима" көпшілікке қатты әсер еткен. Тыңдармандар оған хат арқылы немесе тікелей жүздесіп, әндерді тыңдағаннан кейін ата-аналарын тастап кеткен балаларын қайтадан өз қолдарына алғандарын айтқан.   

Қазіргі уақытта Қоразбаев "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалының басшысы. Осы ұйымның әртістері еліміздің мәдениет саласын дамыту үшін зор үлесін қосып жатыр. Халық әртісінің басшылығымен бұл ұжым республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдарда өнер көрсетіп жүр.

Композитордың шығармашылақтан бөлек қызуғушылақтары бар екен. Ол таулы жерде туып өскендіктен, ол жақта көп уақытын өткізеді. Тағы бір қызығушылығы балық аулап және аңға шығу.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети