ПОДЕЛИТЬСЯ
20 ноября 2021 | 18:00
"Кенжебек тұңғышымды дүниеге әкелгеннен 40 күн өткен соң келді". "Жұлдыздың жары" жобасында - Жәмила Төлегенқызы
"МузАрт" тобының әншісі, эстрада жұлдызы Кенжебек Жанәбіловтің жары Жәмила Төлегенқызы "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"МузАрт" тобының әншісі, эстрада жұлдызы Кенжебек Жанәбіловтің жары Жәмила Төлегенқызы "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында жарымен қалай танысқаны, Кенжебектің ең ұзақ іссапары, тұңғыштарының жағдайынан кейін қандай шешім қабылдағаны туралы әңгімеледі.
Бағдарлама қонағы жарының өнер адамы ретінде ең ұзақ іссапары қай кезде болғанын айтты.
"Бір есімде қалғаны тұңғышымды дүниеге әкелгенде, Кенжебек перзентханаға шығарып алуға келе алмады. Мен босанғаннан қырқынан шыққанға дейін, 40 күнге ме кетті. Бала туып, қырқынан шыққаннан кейін келді. Сол кезде жол жоқ па, білмеймін, көлікпен көп аралайтын. Қазіргідей ұшақпен емес. Қазір ұзақ уақытқа кетсе, бірге жүр деп алып кетеді", - деді ол.
Ол тұңғыштарына не болғанын, өздерінің басына түскен жайттан кейін қандай шешім қабылдағанын баяндады.
Қанша шетел араладық, зерттеп біле алмадық. Ақыл есі түзу бала, тек құлағының естуі басқа балалардан сәл төмен болды. Құлағы дұрыс естімегесін, сөйлеуінде де, әрине, кемшілік болады ғой. Қазір Ахмет 13 жаста, №165 гимназияда оқиды. Үлгерімі, бәрі жақсы. Шетелден мамандар әкеліп, 6 жасында операция жасаттық. Қазір жақсы. Баламызды тасып жүрген кезде, Қазақстанда медицина сол жағынан сәл төмен болды. Есту аппараттары мен мамандар жетіспейтінін байқадық. Операциядан кейін қиыны - балаға әріп үйрету, сөйлетіп үйрету. Бізде сурдопедагогтар аз. Кейін Кенжебекпен ақылдаса келе, есту қабілеті төмен балаларға мектеп ашайық деп шештік. 3 жыл шамасында жұмыс істеп тұрды. Қор ашып, жағдайы төмен отбасыларға мектеп ұйымдастырып қойдық. Қазір карантинге байланысты жабық тұр", - деді ол.
Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.
Бүгін сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!
Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де тамашалаңыздар.
Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы "Сезін" кітабын шығарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также