ПОДЕЛИТЬСЯ
09 октября 2021 | 17:13
"Қыздар оның ернінен де сүйіп кеткен кездер болды". Бейбіт Сейдуалиева "Жұлдыздың жары" жобасында
Әнші, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, сазгер Тоқтар Серіковтің жары, белгілі әнші Бейбіт Сейдуалиева "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, сазгер Тоқтар Серіковтің жары, белгілі әнші Бейбіт Сейдуалиева "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейбіт Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында бағдарламалардан көрінбей кеткеніне не себеп екенін, отбасылық кәсіптері, Тоқтар махаббатының бастауы, жарының азамат ретіндегі мәрттігі, өнер адамына тән көптің сүйіспеншілігі, жан сыры, алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі.
Бейбіт сұхбат барысында өнер адамына қызғаныш тән емес екенін, жарына келген хаттарын бірге оқығанын еске алды. Тіпті ер адамдар Тоқтардан оның телефонын сұраған сәттер болған екен.
"Көп хатын бірге оқитынбыз. Ол - өнер адамы, неге мен оны қызғанамын? Мен де өнер адамымын, маған да хат жазғандар бар. Менің артымнан талай жүгіріп, Тоқтардың өзінен телефонымды сұраған күндер болды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Біз сол үшін жаралдық, телефонымызды сұрау үшін, халықтың алдында, көзіне әдемі болып жүру үшін, ұнау үшін. Бірақ әрі ешқайда кетпедік. Түзу жолмен жүрдік. Жаман атқа ілінген жоқпыз. Жүгірген қыздар көп болды. Тура көзімше келіп, бетінен де, ернінен де сүйіп кеткен кездер болды. Ол - өнер. Өнерде бәрі болады. Қызғана берсең, ештеңе қалмайды. Сыйластық та қалмайды. Адам өзін ұстауы керек", - дейді өнерпаз.
Бейбіт Жұлдызға берген сұхбатында ана ретінде жан сырын бөлісіп, тұңғыштары мен егіздердің арасында неге ұзақ уақыт балалы болмағанын әңгімеледі.
"Арада екі бала кетіп қалды. Алланың бұйырмағаны, көрер жарығы болмаған шығар деп ойлаймын. Бәрі - Алланың ісі, сол арада екі бала болды. Одан кейін дәрігердің қарауымен, күтімімен егіздерді дүниеге әкелдім. Егіздерді егіз баққандар түсінеді. Есімізді жиып алайық. Алла беріп жатса, көрерміз деген кезде Шахнұр дүниеге келді", - дейді ол.
Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің, актер Рүстем Жаныамановтың және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.
Сенбіде, 9 қазанда сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!
Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де тамашалаңыздар.
Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы "Сезін" кітабын шығарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также