18 мая 2019 | 16:57

Қызылордадан шыққан құбылыс - Батырхан Шүкенов

"Қиын жолдардан аман келеміз" деп ән шырқаған Батырхан Шүкенов бүгін тірі болса 57-ге келер еді. Ерекше даусы мен қажырлы еңбегі оны Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де танымал еткен болатын. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі танымал әншінің өмірі мен шығармашылығын баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қиын жолдардан аман келеміз" деп ән шырқаған Батырхан Шүкенов бүгін тірі болса 57-ге келер еді. Ерекше даусы мен қажырлы еңбегі оны Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де танымал еткен болатын. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі танымал әншінің өмірі мен шығармашылығын баяндайды.

Өмірін өзгерткен кездесу

Реклама
Реклама

Әнші 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Әкесі қаржыгер, қызметте басшы болғандықтан жұмыста көп уақытын өткізген. Ал отбасының төрт баласы көбіне анасының қарауында болатын.

Бала кезінен музыкаға құмар Батырхан басында гитарада ойнауды меңгерген. Кейін Ленинградқа аттанып, Н. К. Крупская атындағы Мәдениет университетіне түседі. Бұл оқу орнында ол саксофонда ойнауды үйренді. Болашақ әнші Ленинградта өмірінің екі жылын өткізді. Ал 1981 жылы Алматыға оралып, Құрманғазы атындағы консерваторияға түскен.

Шүкенов 20 жасында сол кездің өзінде танымал болған Байғали Серкебаев, Болат Сыздықов және Владимир Миклошичпен танысты. Бұл Батырханның өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі. Олар жас музыкантқа "Арай" ұжымына қосылуға ұсыныс жасайды. Сөйтіп, саксофоншы танымал әнші Роза Рымбаеваны сүйемелдейтін топқа қосылды.

Бірақ музыкантқа шығармашылық карьерасына үзіліс жасауға тура келеді. 1985-1986 жылдар арасында ол әскери борышын өтеуге аттанды. Соның өзінде ол әскери оркестрдің құрамында болды.

Топты жұлдыз қылған - Алла Пугачева

1987 жылы Батырхан әскерден келген соң "Арайдағы" әріптестерімен ақылдасып, сүйемелдейтін топтан кетуді жөн көреді. Сөйтіп, эстрадада "Алма-Ата" дейтін жаңа топ құрылды. Бұған дейін тек музыкалық аспаптарда ойнап жүрген Батырхан бұл топта вокалист атанды. Алғашқы альбом шыққаннан кейін топтың атауы "Алма-Ата Студио" болып өзгертілген. Көп ұзамай топ "А’Студио" деген атпен танымал болады.

"Джулия" әні хитке айналып, топ, расымен де, танымал бола бастады. Артынша Алла Пугачеваның өзі оларды Мәскеуге арнайы шақырады. "Рождественские встречи" шоуында өнер көрсеткен соң топ бүкіл кеңес халқына аты шықты. Осыдан кейін ұжымның концерттері көптеген тыңдармандар жинап, Батырхан Шүкенов аса танымал бола бастады.

"А’Студио" мен Батырханның шығармашылық жолы 13 жылға созылды. Артынша, әнші топтан кетіп, жеке карьерасын бастайды. Бұл 2000 жыл болатын. Араға екі жыл салып Батырхан өзінің алғашқы альбомын жарыққа шығарды - "Отан Ана".

Мұнда толығымен қазақ тіліндегі әндер жинақталды. Жалпы алғанда, жеке әнші ретінде Батырханның алты альбомы шықты. Оны танымал еткен "Джулия" әнінен бөлек, тыңдармандар оның "Отан Ана", "Нелюбимая", "Дождь" және "Помоги" секілді әндерін әлі шырқап жүр.

Батырдың аса танымал болуына Алла Пугачеваның үлесі зор. Ресейлік Примадонна оның тобын Қазақстаннан Мәскеуге алып келген еді. Артынша шығармашылық карьерасында Пугачева оған толықтай қолдау көрсетті, 2002 жылы ол жеке карьерасын аяқтауды ойлағанда да Алла Пугачева оны ойынан айнытқан болатын. 


©batyr.net

Нәтижесінде Батыр сахнаға шығуын тоқтатпай, тыңдармандарын жаңа әндерімен қуанта берді. 2005 жылы Батыр Ресейде Евровидение шоуының ұлттық іріктеуіне қатысқан. Бірақ дауыс беру қорытындысы бойынша ол 7-орын алып, ұлттық іріктеудің финалына шыға алмады.


© ria.ru

Ал 2007 жылдан бастап сегіз жыл бойы ол мәдениет тұрғысынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Өмірінің соңына дейін сахнадан кеткен жоқ

2015 жылы сәуірдің соңында өтетін ресейлік "Один в один" шоуының финалына дайындап жатқан. Бірақ 28 сәуірде әнші Мәскеудегі пәтерінде қайтыс болды. Ол кезде жасы 52-де болатын. Дәрігерлердің айтуынша, Батыр миокард инфарктісінен көз жұмған. Пәтерде жалғыз өзі болмағанда, оның өмірін сақтап қалуға болатын еді дейді дәрігерлер.

Батыр Алматыда жерленді. Оны соңғы сапарға шығарып салу үшін он мыңға жуық адам жиналды. Халық оны танымал қылған "Джулия" әнімен шығарып салды. Оның құрметіне Алматы мен Мәскеуде қоштасу концерттері ұйымдастырылды.

Атақты әншінің артынша жалғыз ұлы қалды. Мақсұт қазір анасы Екатеринамен бірге АҚШ-та тұрып жатыр.

Былтыр Қызылордада Батырхан Шүкеновтың ескерткіші қойылды. Оның ашылу салтанатына еліміздің танымал әншілері жиналды. Ескерткіштің ашылуында "Отан Ана" әні қойылды. 


© Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная