"Нурикамал" әнінің авторы Тұрдықылыш Ізтаев қайтыс болды

Тұрдықылыш Ізтаев. © Qazaqstan арнасының кадры

Елімізге танымал сазгер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Тұрдықылыш Ізтаев 71 жасқа қараған шағында бақиға аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Елімізге танымал сазгер, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Тұрдықылыш Ізтаев 71 жасқа қараған шағында бақиға аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Мәдениет басқармасы марқұмның туған-туыстары мен ұл-қыздарына қайғырып көңіл айтты.

Тұрдықылыш Ізтаев 1949 жылы 30 маусым күні Түрікменстан Республикасының Тахтабазар ауданында дүниеге келген. 1968 жылы Шымкент музыка училищесін, 1973 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны, 1993 жылы Ленинградтағы Надежда Крупская атындағы мәдениет институтының аспирантурасын бітірген.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 1973 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтында бастап, осы ұжымда 1994 жылға дейін табанды қызмет етті. Халық аспаптар кафедрасының доценті. Шәмші Қалдаяқов атындағы облысы филармонияның көркемдік жетекшісі, халық аспаптары оркестрінің дирижері болған.

Ол - 20-дан астам ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстардың авторы. Әндері жеке альбом болып "Махаббат - өмір" деген атпен жарық көрді. Қазақ еліне етене танымал "Нурикамал" әнінің авторы. Бұл әннің сөзін жазған Ханбибі Есенқарақызы - оның әйелі. 

"Нурикамал" әнінің тарихы туралы сюжет, Qazaqstan арнасы:

Тұрдықылыш Ізтаев облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталған, облыс әкімі белгілеген "2000 жылдың ең үздік композиторы" атанған.

Tengrinews
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news7
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама