04 марта 2020 | 15:12

"Осылайша Айгүл есімін қою сәнге айналды". Қазақ қыздары құрған алғашқы ансамбль

"Айгүл" ансамблі © egemen.kz

Желіде жиында бірі гитара, бірі саксофон, енді бірі барабанда ойнап ән айтқан ансамбль қызу талқыға түсті. Қолданушылар әншілердің өнеріне тәнті болып, бұл - әйгілі "Айгүл" ансамблі екенін жарыса жазып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі "Айгүл" вокал-аспаптар ансамблінің шығармашылығы мен еңбек жолын баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде жиында бірі гитара, бірі саксофон, енді бірі барабанда ойнап ән айтқан ансамбль қызу талқыға түсті. Қолданушылар әншілердің өнеріне тәнті болып, бұл - әйгілі "Айгүл" ансамблі екенін жарыса жазып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі "Айгүл" вокал-аспаптар ансамблінің шығармашылығы мен еңбек жолын баяндайды.

"Айгүл" - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының жанынан құрылған вокал-аспап халық ансамблі. 1968 жылы 8 наурызда вокал-аспап квартет түрінде құрылған. Репертуарында қазақтың халық әндері, басқа ұлттардың ән-билері бар. 1975 жылы ансамбльге халық ансамблі құрметті атағы берілді. "Айгүл" гастрольдік сапармен бұрынғы одақтас республикаларды, шет елдерді Полышаны, Югославияны, Моңғолияны, Германияны, Францияны және Жапонияны аралады. Қыздардан құрылған ансамбль Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты да атанды.

Реклама
Реклама

Квартеттің құрылуына негіз болған Ағайша Исағұлованың айтуынша, алғашқы ансамбльді құруға Ескендір Хасанғалиевтің көмегіне жүгінген. 

"Біз жаспыз, институтты бітіргеннен кейін осы ой (топ құру туралы - автор) болды. Ескендір Хасанғалиев ағамыз бізде қызмет етіп жүрген. Сол кісіге "квартет құрыңызшы" деген өтінішпен келдік (...) Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз "Өздерің айдай болсаңдар, гүлдей жайнап тұрсаңдар "Айгүл" деген жаман ба?" деді. Бәріміз құптап, топтың аты солай аталып кетті", - деген екен Ағайша Исағұлова "Кешкі кездесу" бағдарламасында. 

Квартет қалайша вокал-аспап ансамбліне айналды?

Ағайша Исағұлованың айтуынша, ансамбль құрылғаннан кейін бірінші жылы Германияға барған. 

"Келесі жолы Марат Балтабаевпен Югославияға барып, қайтқан сапарда ол кісі "Қыздар, біз вокал-аспап ансамблін құрайық" деп айтты. Сосын бізге түрлі аспапты бөліп берді", - дейді Ағайша Исағұлова. 


© anatili.kazgazeta.kz

Топтың алғашқы құрамының бірі зейнетке шықса, кейбірі әлі қызметте. Ансамбльде сегіз қыз болған. Галина Қарамолдаева - ансамбльге алғаш келген қыздардың бірі. Өнер иесін Марат Балтабаев гитараға қойған. 

"Вокал-аспап ансамблі құрылған кезде оркестрдің жетекшісі болған Марат Балтабаев мені гитарада ойнауды бекітті. Ол кездегі құрамда Ағайша апай соқпа аспаптарда болды. Дина Ерғалиева саксафонда, Марфуға Жүнісова контрабаста, Жібек Оспанова фортепиано секілді қазіргі синтезаторда ойнады. Сөйтіп, тез арада ансамбль құрылды", - дейді Галина Қарамолдаева. 

1970-жылдары "Айгүл" аруларының есімі Кеңес Одағына кеңінен таралды. Домбыра, қобыз, асатаяқ, шертер, соло гитара сынды аспаптарға қосуымен ерекшеленген топ бірнеше елдің сахнасында өнер көрсетті. 

Ансамбль құрамында алғашында Ағайша Исағұлова, Құрманай Омарова, Марфуға Жүнісова, Гүлнар Бегалиева, Дина Ерғалиева, Жібек Оспанова өнер көрсетсе, вокал-аспап ансамблінде Сақыпжамал Ұзақбаева, Меңсұлу Жексембекова, Ақмарал Артыкова, Зәуреш Әлібекова, Гүлзада Бехтеолова, Айгерім Дайырбаева, Қарлығаш Нұртазина, Роза Ерназарова-Алисова және Галина Қарамолдаева сынды өнерпаздар болды. Ансамбль мүшелерінің барлығына ҚР Мәдениет қайраткері атағы берілген.

Ансамблдің тағы бір ерекшелігі - әнші қыздар ауыл-ауылды аралап, тіпті шопандардың үйіне дейін барып ән салған. Халық әншілердің пластинкасын жаппай сатып алып, дүниеге келген қыздарға "Айгүл" есімін қою сәнге айналған. 

Бүгінде "Айгүл" вокал-аспаптар ансамблінің құрамы жаңарып, репертуары жаңа әндермен толықты. Жаңа құрам ішінде қазақ, түрік, ағылшын тіліндегі жаңа әндерді репертуарына енгізген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная