15 апреля 2020 | 21:18

"Төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес". #КвартирникTengri эфирінде Меруерт Түсіпбаева

Рахила Тлеуова Корреспондент

Alash Media Group медиахолдингі және Pantograph продюсерлік орталығы #КвартирникTengri онлайн-концерттер сериясын жалғастырады. Ертең, 16 сәуір, сағат 20.00-де әнші Меруерт Түсіпбаевамен Insta-Live өтеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Alash Media Group медиахолдингі және Pantograph продюсерлік орталығы #КвартирникTengri онлайн-концерттер сериясын жалғастырады. Ертең, 16 сәуір, сағат 20.00-де әнші Меруерт Түсіпбаевамен Insta-Live өтеді. 

Әншінің айтуынша, ол карантин кезінде өзінің YouTube-каналын дамытып жатыр. Студенттерге қашықтан сабақ оқытып, кешке ұлымен фильм қарайды. 

Реклама
Реклама

"Карантин - адамдар үшін өмірде қайта сілкініс жасау шығар. Мен жалығып жүрген жоқпын. Себебі жоғары оқу орнында сабақ беремін. Қазір студенттермен қашықтан оқып жатырмыз.  Әртістер, студенттер, педагогтермен түрлі челленджге қатыстым. Кеш ұйықтаймыз, ерте тұрамыз. Желтоқсан айында өзімнің YouTube-каналымды аштым. Қазір сол каналымды дамытып жатырмын. Түрлі видео түсіреміз. Жақында Назира Бердалының "Ойнап жүріп" поэзиясын таныстырдым. Мен өзім актриса болдым және өлең оқыдым, жанкүйерлеріме ұнады.

Тағы студент ұлым бар. Оған ас әзірлеп, уақыт бөлуім керек. Кешке қарай ұлыммен фильм қараймыз. Үйдегі барлық терезені жуып шықтым. Меніңше, әйел адамның өмірінде үнемі кейінге шегеретін шаруасы болады. Қазір соларды орындап, миымыздағы артық ақпаратты да шығарып жатырмыз. Шынымды айтсам, ішім пысып жатыр деп айта алмаймын. Бәрі жақсы", - деді ол. 


Видео: Меруерт Түсіпбаеваның You Tube каналынан

Әнші карантинде отырып, артық салмақ қоспауға кеңес берді. Айтуынша, өзі ұлымен бірге спортпен шұғылданады екен.

"Мен екі кеңес бергім келеді. Артық салмақ қоспау керек. Иә, карантин кезінде оңай емес. Салмақ жинау оңай. Бұрынғыдай белсенді бола алмаймыз. Дегенмен, ас ішуге келгенде мұқият болып, спортпен шұғылдануға кеңес беремін. Менің үйімде спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар. Ұлым болған соң, турник, жүгіруге арналған тренажер, спорт кілемі бар. Салмақ жинау оңай, бірақ одан құтылу қиын екенін ұмытпау керек", - деді әнші.


Видео: Меруерт Түсіпбаеваның You Tube каналынан

Актрисадан #КвартирникTengri секілді жобалар туралы ойын сұрадық.

"Қазір көптеген жоба бар. Сіздің жобаңыз да ұнайды. Журналистер мен әртістер түрлі онлайн кездесу, концерт, тренинг ұйымдастырып, карантин кезінде уақытты жақсы өткізуге атсалысып жатқаны қуантады. #КвартирникTengri жобасы арқылы халықпен байланысқа шыға аламыз. Мұндай идеяны тек мақтай аламын және мұндай жобаларды қолдаймын. Кей адам үшін төрт қабырғаға қамалып отыру оңай емес. Сондықтан рухани азық беруге дайынбыз. Халық алдында жүрген адамдар қазір белсенді болу керек", - деген пікір білдірді Түсіпбаева.

Меруерт Түсіпбаева - эстрада әншісі, киноактриса, тележүргізуші. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болды. 1996 жылдан бастап жеке шығармашылығымен айналысып, "Қимай сені барамын", "Сен және мен", "Ақжауын" әндерін айтты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты.

#КвартирникTengri жобасы COVID-19 вирусымен күрес кезінде үйде қалып, қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызына мән береді. Бұған дейін жоба аясында Urker тобы, Motor-Roller рок-тобының әншісі Ілияс Аутов, әнші Son Pascal, BluesMotel Indie-rock-тобы, Luina, Ayree, Argymak этнорок-тобының фронтмені Ринат Рамазанов, әнші Алиса Вокс және "Конец фильма" тобының әншісі Евгений Феклистов өнер көрсетті.

Ертең кешкі сағат 20.00-де Меруерт Түсіпбаева Instagram желісінде тікелей эфирде үздік әндерін орындайды және оқырмандармен әңгіме-дүкен құрады. Біздің аккаунтымызға МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы жазылыңыз. Қапы қалмаңыз!

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная