12 қараша 2019 12:54

"Түрлі сыбыс тарайды". Экономистер жыл соңында ұлттық валюта бағамы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сарапшылар Tengrinews.kz тілшісіне жыл соңына дейін ұлттық валюта бағамы қандай көрсеткіште болатынын айтып берді. Экономистердің болжамынша, таяуда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамында айтарлықтай өзгеріс болмайды.


Сарапшылар Tengrinews.kz тілшісіне жыл соңына дейін ұлттық валюта бағамы қандай көрсеткіште болатынын айтып берді. Экономистердің болжамынша, таяуда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Айта кетейік, бүгінгі жағдай бойынша, ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы - 388,70 теңге.

Экономист Айдархан Құсайынов соңғы уақытта теңгенің бір бағамды сақтап тұрғанын айтады.

"Жыл соңына дейін ұлттық валюта бағамы өзгеріске ұшырамайды, бірқалыпты көрсеткішті сақтайды. Қалай болды, солай қалады. Ешқандай макроэкономикалық өзгеріс күтілмейді. Себебі біздің ұлттық валюта бағамының саясаты қалыптасты деуге болады. Сондықтан осы көрсеткіш сақталады. Дүрбелең туғызудың қажеті жоқ. Осыған дейін 390-ға жетті ме, сол көрсеткіште қалады. Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы бірнеше жыл бойы 150 теңге болған еді, сол сияқты 390 теңге деңгейінде сақталады", - дейді Құсайынов.

Экономист ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 400 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін екенін жоққа шығарды.

Экономический прогноз на 2020 год дали казахстанские эксперты

Қаржыгер Қарлығаш Бисембина да алдағы 2-3 айда ұлттық валюта бағамы бірқалыпты болатынын айтады.

"Біз Ұлттық банктің позициясы мен мақсатын білмейміз. Дегенмен таяуда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы өзгереді деп айта алмаймыз. Көп болса 390 көрсеткішінде тұрамыз, 390-нан аспаймыз. Жыл сайын осы кезеңде түрлі сыбыстар тарайды - доллар қымбаттап, 400 теңгеге жетеді деп айтып жатады. Бірақ оған еш негіз жоқ. Оған әлемдік факторлар әсер етсе де, оның дәл қазір Қазақстанға қатысы жоқ", - дейді Бисембина.

Сондай-ақ, сарапшы жыл соңына дейін инфляция деңгейі 6 пайызға жетуі мүмкін екенін айтады. Айтуынша, қазіргі уақытта инфляция 5,5 пайызға тең.

Жыл соңында баспана алу тиімді ме?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети