30 сентября 2023 | 13:01

Алматы облысында кішкентай баланы ұрып жіберген имам жұмыстан шығарылды

Видеодан алынған кадр

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы "Хидаят" мешітінде болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Massaget.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы "Хидаят" мешітінде болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Massaget.kz.

"Келеңсіз оқиғадан кейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік қызметкерлері, Шелек ауылының тұрғындары, дін қызметкерлері, мешіт жамағаты және баланың ата-анасының қатысуымен арнайы кездесу өтті. Жиында "Хидаят" мешітінің имамы өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабыл алып, екі тарап өзара бітімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл оқиғадан тиісті қорытынды шығарғанын және мұны істеген дін қызметкеріне шара қолданғанын да хабарлады. Бас мүфтидің бұйрығымен "Хидаят" мешітінің имамы жұмыстан шығарылды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында мешіт имамы намаз оқуға кедергі келтірген кішкентай баланы ұрып жіберген видеосы тараған еді.

Видеодан бірнеше адамның сап түзеп, намаз оқып жатқанын көруге болады. Олардың арасында бірнеше бала да бар. Олардың біреуі әрі-бері жүгіріп жүреді. Алайда оған басқа кісілер назар аудармастан, намаз оқуды жалғастырады.

Бір кезде бала имамға қарай жақындағанда, ол бүлдіршіннің бетінен ұрып жібереді. Бала сол жерде шалқасынан құлап түседі.

Пользуешься Telegram? Получай все главные новости Казахстана и самые интересные видео в один клик. Просто нажми сюда.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная