Алматыда жаңа асфальт қырылып, қайта салынған: ведомство түсінік берді

Фото: Massaget.kz

Алматыда көлік жүргізушілері Абай көшесіндегі тасжол қырып алып тасталып, қайта төселіп жатқанына наразылық білдірген еді. Алматы қалалық мобильділік басқармасы осы мәселеге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала тұрғындары бұл жұмыс жаздың аптабында көшедегі жүрісті одан сайын күрделендіргенін, екінші жағынан жаңа асфальтты бүлдіріп қайта төсеу артық шығын екенін жеткізген еді. Сондай-ақ, олардың сөзінше, бұл - бюджет қаржысын желге шашу.

Реклама
Реклама

Ал ведомство мәліметінше, тасжол бетінен ақау шыққан.

"Абай даңғылында (Яссауи көшесінің батысында) асфальтбетон жабыны бетінде ақау пайда болды. Сондықтан мердігер ұйымға өз қаражаты есебінен кепілдік міндеттемелері шеңберінде асфальтбетон жабынының ақауын жою тапсырылды", - делінген ведомство жауабында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 2021 жылы салынған жаңа асфальт қырылып, қайта салынып жатқаны хабарланған еді.

Tengrinews
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама