12 июня 2023 | 14:28

Банкроттық мәселесі: төлем қабілетін қалпына келтіру үшін не істеу керек?

Фото: pexels.com

Биыл сәуірде банкке берешегін өтей алмай жүрген 2 мыңнан аса адам бары айтылды. Ал маусымда банкроттыққа 54 мың арыз қабылданғаны белгілі болды. Банкроттық бойынша қай өңір көш бастап тұр? Банкрот деп тануға өтінім бергенде қандай құжат дайындап, қайда жүгінуі керек? Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтарға қатысты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сауал жолдады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл сәуірде банкке берешегін өтей алмай жүрген 2 мыңнан аса адам бары айтылды. Ал маусымда банкроттыққа 54 мың арыз қабылданғаны белгілі болды. Банкроттық бойынша қай өңір көш бастап тұр? Банкрот деп тануға өтінім бергенде қандай құжат дайындап, қайда жүгінуі керек? Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтарға қатысты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сауал жолдады.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы банкрот рәсімдеудің үш түрін қарастырады - ол соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттігін қалпына келтіру.

Банкроттыққа өтінім бергенде қандай құжат дайындап, қайда жүгіну керек?

Реклама
Реклама

Бұл рәсімдерді қолдануға арыз берудің негіздері мен шарттары Заңның 5 және 6-баптарында белгіленген.

Соттан тыс банкроттық рәсімді азаматтар тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша келесі шарттарға сәйкес қолдана алады:

  • банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 1 600 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК (5 520 теңге) аспайды (8 832 000 теңге);
  • қарыз 12 ай ішінде өтелмеген;
  • мүлік жоқ;
  • қарыздар бойынша банкпен немесе микроқаржы ұйымымен реттеу рәсімі жүргізілген.

Екінші деңгейдегі банктің немесе микроқаржылық ұйымның қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту туралы жауабы - реттеу рәсімнің жүргізілгенін растайтын құжат.

Егер екінші деңгейдегі банк немесе микроқаржылық ұйым жауап бермеген жағдайда, борышкер арызының көшірмесі немесе электрон форматта жіберілгені - реттеу рәсімнің жүргізу туралы арыз растайтын құжат.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыз.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная