“Декретке миллионмен“ дауы. Мұқаев қызметтік тексеріс жайлы мәлімдеді

Айжан Калиева Корреспондент
“Декретке миллионмен“ дауы. Мұқаев қызметтік тексеріс жайлы мәлімдеді Депутат Дәулет Мұқаев. Фото: Жеке архивтен

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев "Декретке миллионмен" курсына байланысты өзіне қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев "Декретке миллионмен" курсына байланысты өзіне қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға неден басталды

Бірнеше күннен бері отандық БАҚ-та Мұқаевтың үстінен тексеріс басталғаны туралы хабар тарап жүр. Бұл әңгімеге Ақтөбеде жалған құжат жасап, әйелдерді декретке "миллионмен шығарған" есепшінің бірі Гауһар Өмірбекованың соттағы сөзі түрткі болды. Ол тергеу барысында Мұқаевтың курсына қатысқанын айтқан.

Реклама
Реклама

Депутаттың жауабы

Редакция тілшісіне пікір білдірген Мұқаев бұл мәліметтің жалған екенін жеткізді.

"Бұл қауесет, шындыққа жанаспайды. Қызметтік тексеріс жоқ. Таратылған ақпарат жалған", – деді ол.

Депутаттың сөзінше, ол әр сабағында заңсыз әрекетке бармауға шақырып келген.

"Әр сабақта "Алаяқтыққа бармаңдар, өтірік ИП ашпаңдар, заңды айналып өтсеңдер, жауап бересіңдер" деп айттым. Жақында екі сағаттық видеосабақты қайта қарап шықтым. Онда жеті рет "өтірік ИП ашпаңдар" деп ескерткенім бар. Ал мені қаралап жүргендердің ешқайсысы менің сабағыма қатыспаған", – деді Мұқаев.

Мәжіліс неге үнсіз

Қызметтік тексерісті депутаттың өзі жоққа шығарғанымен, Мәжілістің баспасөз қызметі Tengrinews сауалын жауапсыз қалдырды.

Еске салсақ, өткен аптада Ақтөбеде екі есепші ондаған жұмыс істемейтін әйелді кәсіпкер ретінде тіркеп, жалған құжат жасағаны үшін алты жылға сотталды. Тергеу мәліметінше, олар мемлекетке 98 миллион теңге залал келтірген.

Tengrinews
Вопрос от автора
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама