24 февраля 2020 | 14:04

"Дұрыс емес". Министр қаржы пирамидасын жарнамалаған жұлдыздарға қатысты пікір білдірді

Даурен Ерболат Журналист

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қаржы пирамидасын жарнамалаған жұлдыздарға қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қаржы пирамидасын жарнамалаған жұлдыздарға қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Қазақстанның бірнеше қаласында "Гарант 24" және "Estate Ломбард" салымшылары өз ақшаларын қайтаруды талап еткен. Тәртіп сақшылары "Гарант 24" компаниясына қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған болатын. Мамандар "Гарант 24" және "Estate Ломбард" ломбардтарының қызметінен қаржы пирамидасының белгілері байқалғанын айтады.

Реклама
Реклама

Ал бұл компанияларды жарнамалаған әншілер де алданып қалғанын жеткізген.

Осы орайда Ақтоты Райымқұлова бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Бұл олардың жеке құқықтары шығар (ломбардтарды жарнамалау туралы - автор) Азаматтарымыз өздерінің сана-сезіміне байланысты әртүрлі шараларға қатысады. Бұл олардың жеке құқығы. Аталған мәселе заң шеңберінде шешілуі керек", - деді министр мәжіліс кулуарында журналистерге.

Сонымен қатар ведомство басшысы әншілердің ломбардты жарнамалауға қатысты өз ойын айтты.

"Бұл әрбір адамның жеке құқығы. Менің ойымша, бұл дұрыс емес", - деп түйіндеді сөзін Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, осыған дейін Атырау, Павлодар, Ақтау, ШҚО, Тараз және Қарағандыдағы "Гарант-24 Ломбард" ЖШС аймақтық филиалдарының басшылары ұсталды. Олардың үстінен "Алаяқтық" және "қаржы пирамидаларын құру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная