13 сентября 2024 | 16:15

Қандай жағдайда ерлі-зайыптының мүлігі бөліске түспейді?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Елімізде жыл сайын ажырасатын ерлі-зайыптылар көбейіп келеді. Әдетте ажырасу кезінде ерлі-зайыптының ортақ мүлігі бөліске түседі, дегенмен мүлік бөлінбейтін жағдайлар да кездеседі. Ол қандай жағдай? Massaget.kz тілшісі адвокат Альбина Бахтиярқызынан сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде жыл сайын ажырасатын ерлі-зайыптылар көбейіп келеді. Әдетте ажырасу кезінде ерлі-зайыптының ортақ мүлігі бөліске түседі, дегенмен мүлік бөлінбейтін жағдайлар да кездеседі. Ол қандай жағдай? Massaget.kz тілшісі адвокат Альбина Бахтиярқызынан сұрады.

Ерлі-зайыптылардың мүліктерін бөлу мәселесі Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексімен реттеледі.

Альбина Бахтиярқызы мүлік бөліске түспейтін жағдайлардың тізімін жасады:

Реклама
Реклама

1. Некеге дейін алынған мүлік. Егер ерлі-зайыптының бірі мүлікті некеге тұрғанға дейін сатып алған болса, ол жекеменшігі болып саналады және бөліске түспейді.

2. Сыйлық немесе мұрагерлік арқылы алынған мүлік. Неке кезінде сыйлыққа алынған немесе мұрагерлікпен өткен мүлік тек оны алған тұлғаның жекеменшігі болады.

3. Жеке пайдалануға арналған мүлік. Мысалы, киім-кешек, жеке заттар, әшекей бұйымдар (қымбат бағалы болса да) бөліске жатпайды.

4. Балаларға арналған мүлік. Балаларға арналған заттар немесе олардың атына жазылған мүлік (мысалы, шоттар немесе пәтер) те бөліске түспейді.

5. Некелік шарт (контракт). Егер ерлі-зайыптылар арасында некелік шарт жасалған болса, онда мүлікті бөлу шарт бойынша жүргізіледі. Некелік шартта мүлікті бөлісу тәртібі анық көрсетілуі мүмкін, соған сәйкес кейбір мүлік бөліске түспейді.

"Егер аталған жағдайлар болмаса және некелік шарт жасалмаса, жалпы ереже бойынша неке кезінде алынған барлық мүлік ортақ меншік болып саналады және бөліске түседі", - деді адвокат.

Еске салайық, бұған дейін ажырасу кезінде жылжымайтын мүлік қандай жағдайда бөліске салынбайтыны хабарланған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная