29 февраля 2024 | 14:15

KMF пен JICA микробизнесті қаржыландыруға 50 миллион доллар бөледі

Суретте: KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов және JICA Жеке секторды қаржыландыру және серіктестік департаментінің Бас директоры Эйго Адзукизава

KMF компаниясы жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (Japan International cooperation Agency, JICA) заем туралы келісімшарт жасасты. Агенттік бөлген сома әйелдерге тиесілі кәсіпорындарды қоса алғанда, жеке секторды қаржыландыруға бағытталады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

KMF компаниясы жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (Japan International cooperation Agency, JICA) заем туралы келісімшарт жасасты. Агенттік бөлген сома әйелдерге тиесілі кәсіпорындарды қоса алғанда, жеке секторды қаржыландыруға бағытталады.

KMF мамандарының айтуынша, бұл инвестиция микробизнес үшін қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуға, сондай-ақ оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда микро және шағын бизнестің үлесі компания портфелінің 90%-дан астамын құрайды. Бұл ретте 40%-ға жуығы ауыл шаруашылығының үлесінде. Сондықтан, JICA қаражатыагросекторды қолдауға да бағытталады.

- KMF алғаш рет JICA-мен меморандумға қол қойды, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған Ұйымның мақсаттары мен миссиясы бізге жақын. Бұл нақты секторды қолдау, бизнес климатын жақсарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. JICA-дан қорландыру ауыл кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер беретін және олардың экономикалық өсуіне ықпал ететін жобаларды іске асыруға бағытталатын болады, - деп атап өтті KMF Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов.

Реклама
Реклама

KMF 1997 жылдан бері микробизнесті қолдайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, қаржыландыру көлемі 211 млрд теңгеден асты, ал клиенттер саны 260 мыңға жетті. KMF-тің ауқымды филиалдық желісі тіпті ең шалғай елдімекендерде де микрокредиттерге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

JICA сарапшылары микро-, шағын және орта кәсіпкерліктің (МШОК) Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұл ЖІӨ-нің шамамен 34%-ын және жұмыс орындарының 44%-ын құрайды. JICA жобасы KMF арқылы қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтіп, Қазақстанның МШОК және тұрақты экономикалық дамуын ілгерілетуге жәрдемдесуге бағытталған, осылайша: гендерлік теңдік, лайықты жұмыс және экономикалық өсу, тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікті қамтитын Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін болады.

KMF - Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. 1997 жылдан бастап жұмыс істейді, микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырады. KMF-тің Қазақстанбойынша 17 филиалы және 120 бөлімшесі бар.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Рекламный материал
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная