ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мая 2023 | 14:55
"Күніне 7-8 мың табамын". Тауда жуа сатып, интернетте танылған баламен сұхбат
Жақында фотограф, режиссер Ернар Алмабектің тауда жуа сатып жүрген бала туралы ролигі әлеуметтік желіде кең таралған болатын. Аталмыш видео 2 миллион қаралым жинаған. Оған кейіпкер болған Айарыс бір күнде танылып, онымен адамдар суретке түсіп, отандық телебағдарламалар шақыра бастаған.

Мassaget.kz порталының тілшісі Айарыс Анарбекпен кездесіп, тілдесті.
Айарыс Анарбек, 16 жаста. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Нұра аулының тұрғыны. Төрт баланың тұңғышы. Мектепте 10-сыныпта оқиды.
"4-сыныптан бері жуа сатамын. Наурыздың жиырмасынан мамырдың онына дейін тауға шығып, өзіміз жуа тереміз. Бір күн теріп, екінші күні соны сатамыз. Күніне шамамен 7-8 мың теңге табыс табамыз", - дейді ол.
Айарыс болашақта актер болғысы келеді, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында оқитын арманы бар.
"Бажалар" сериалындағы Шерхан Пірназар, "5:32"-дегі Әбілмансұр Серіков, Әшім Ахметовтарды өзіме үлгі тұтамын. Жалпы, отандық, шетелдік фильмдерді жиі көремін. Болашақта актер болсам деген арманым бар", - дейді ол.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыздар.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также