22 февраля 2021 | 18:42

Алматы облысында Алдияр батырдың ескерткіші орнатылады

Алматы облысы Сарқан ауданында Алдияр батырдың ескерткіші орнатылады. Бүгінде ескерткіш орнату жұмысы басталды. Мүсін жасауға халық болып ақша жинап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі батырға ескерткіш қоюды жоспарлап отырғандармен сөйлесті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Сарқан ауданында Алдияр батырдың ескерткіші орнатылады. Бүгінде ескерткіш орнату жұмысы басталды. Мүсін жасауға халық болып ақша жинап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі батырға ескерткіш қоюды жоспарлап отырғандармен сөйлесті.

Алдияр батыр 1641-1712 жылдар арасында өмір сүрген. Жас кезінде қырғыз еліне барып, қырғыз манабы Сарудың қарамағында қызмет атқарып, бас батыр атағына ие болған. Қоқандарға, шүршіттер мен жоңғарларға қарсы  талай шайқасты басынан өткізіп, қырғыз әскерінің бас батыры атанады. Алдиярдың ақылы Саруд ханның көңілінен шығып, қызын береді. Хан қызы егіз ұл тауып, үлкенінің атын Қырықсадақ, екіншісін Қырғызшора деп атайды. 

"Батырдың атағы ел-елге тарап, даңқы артқан. Қазақ ханы Салқым Жәнгір Бұқар жырауды қырғыз еліне жіберіп, Алдияр батырды елге шақыртып алады. Ол кезде Қазақ жеріне ентелеп тұрған жау көп еді. Жәнгір хан қайтыс болып, орнына таққа отырған Тәуке хан елге оралған Алдиярды бас батыр сайлайды. Алдияр батыр қазақ-қалмақ, қазақ-қоқан, қазақ-шүршіт шайқастарының бел ортасында жүрді", - дейді "Бабалар рухы" қоғамдық қоры ұйымдастыру комитетінің мүшесі Жомарт Игіман.

Реклама
Реклама


Алдияр батыр

Оның айтуынша, Алдияр батыр 1696, 1698, 1701, 1710 жылдардағы қазақ-қалмақ шайқастарының бел ортасында жүріп, өзі де топ жарып, ерлігімен ел есінде қалған. Батырдың Қырықсадақ пен Қырғызшорадан басқа Қуат, Кененбай, Дөненбай (анасы Таубике), Асан, Медет, Кенжебай (анасы Ежеп), Ақпан, Тоқпан (анасы Жібек) деген сегіз ұлы болған.

Алдияр батыр Шыршық өзені жағасында жоңғармен соғыста қаза тауып, қазіргі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы қасиетті Төлегетай баба, Қылышты қожа қорымына жерленген.

Ал былтыр "Бабалар рухы" қоғамдық қорының төрағасы Жанат Мұқашев пен Сарқан аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, аудан мәслихатының депутаты Қадір Әбдірахмановтың бастамасымен Алдияр батырға ескерткіш салу жоспарланған. Бірақ оған пандемия кедергі болыпты.

"Батырға ескерткіш салуды былтыр бастағанбыз. Сол үшін қоғамдық қор аштық. Бірақ пандемия басталып, бұл бастамамыз тоқтап қалды. Енді бұл қорды жаңғыртып жатырмыз, екі апта болды. Мүсінші таптық. Енді ақша жинап жатырмыз. Мүсіннің өзін жасауға 46 миллион теңге керек. Оның астына қоятын тасы бар, жан-жағын абаттандыру бар. Қазақ тарихын, батырларымызды құрметтейтін адамдар жан-жақтан ақша жіберіп жатыр. Бір миллион, үш миллион теңге жіберіп жатқандар бар. Бес жүз теңге берсе де, қуаныштымыз", - дейді Әбдірахманов.  


Қадір Әбдірахманов

Бүгінде 12 миллион теңге жиналған. Қоғамдық қор енді ескерткішті биыл қазанда орнатуды жоспарлап отыр.

"Ескерткіш орнатқаннан кейін ас береміз, бәйге, қазақша күрестен турнир өткіземіз. Айтыс ұйымдастыру да жоспарда бар. Бірақ мұның бәрі карантинге байланысты. Егер қазанға дейін елдегі жағдай жақсармай, шектеулер алынбаса, бұларды өткізбейміз", - дейді ол.  

Ескерткішті Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Еркін Мақұлбаев жасайды. Бүгінде ескерткіштің эскизін дайындап қойған.


Алдияр батыр ескерткішінің экскизі

"Ескерткішті толық дайындауға эскизінен бастап 3-4 ай уақыт керек. Аттың тұяғынан батырдың қол ұшына дейінгі биіктігі 5,80 метр болады. Ескерткіш қоладан жасалады. Астыңғы тұғыры бетоннан құйылады", - дейді ол.

Енді Алдияр батырдың ескерткішін салу жобасы елордадағы мемлекеттік комиссияға жіберіледі.

Ескерткіш құрылысына атсалысамын деушілерге:

KZ 776010311000083911
SWIFT BIC: HSBKKZKX
БИН\ИИН: 190640010888
КБе 18
КНП 120
KASPI GOLD: 8-701-609-9075
Мұқашев Жанат


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная