04 сентября 2020 | 15:53

"Жалаңаш аяқ және кимешек". Қазақстандықтар наразы болған картина АҚШ-та сатылды

Камила Долаева Корреспондент
Сәуле Дүйсенбина

"Олардың отыратын жері бар". Кимешек киген келіншектер мен олардың басында орындық бейнеленген және тақасы бар ою-өрнекті аяқ киім салынған дәл осы картина қазақстандықтар арасында түсініспеушілік тудырған болатын. Тіпті Талдықорғандағы көрмеде оны алып тастау талап етілген. Алайда биыл тамызда туындыны АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы атақты LACMA музейі сатып алды. Шетелдіктерді қызықтырған бұл картинаның ерекшелігі қандай? Қазақстандықтар өнер туындысын неге құп көрмеді? Tengrinews.kz тілшісі картина авторы Сәуле Дюсенбинамен байланысқа шығып, "Олардың отыратын жері бар" туындысы арқылы суретші не айтқысы келгенін, Талдықорғандағы дау қалай шешілгенін сұрады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Олардың отыратын жері бар". Кимешек киген келіншектер мен олардың басында орындық бейнеленген және тақасы бар ою-өрнекті аяқ киім салынған дәл осы картина қазақстандықтар арасында түсініспеушілік тудырған болатын. Тіпті Талдықорғандағы көрмеде оны алып тастау талап етілген. Алайда биыл тамызда туындыны АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы атақты LACMA музейі сатып алды. Шетелдіктерді қызықтырған бұл картинаның ерекшелігі қандай? Қазақстандықтар өнер туындысын неге құп көрмеді? Tengrinews.kz тілшісі картина авторы Сәуле Дюсенбинамен байланысқа шығып, "Олардың отыратын жері бар" туындысы арқылы суретші не айтқысы келгенін, Талдықорғандағы дау қалай шешілгенін сұрады. 


"Олардың отыратын жері бар" ("У них уже есть на что сесть") картинасы

Реклама
Реклама

Картина Kazakh funny games сериясының бір бөлігі саналады. Оған Қазақстанның шынайы заманауи келбетін бейнелейтін, сондай-ақ бүгінгі еуропалық көркемөнерге сілтеме жасайтын 24 постер кіреді. Ал АҚШ өнерсүйерлері сатып алған дәл осы туынды XVIII ғасырда өмір сүрген рококо көркем стилінің шебері атанған танымал испаниялық суретші Франсиско Гойяның картинасы негізінде салынған екен.


Сурет: Франсиско Гойя 

Картина мағынасы қандай?

Сәуле Дюсенбинаның айтуынша, бұл туындыдан ол "қандай да бір мағынада төңкерілген әлемдегі жағдай және ол картинадан өзінің ішкі дүниесін, қоғамдағы қазіргі жағдайды көреді" екен.

"Қандай да бір тұрақсыздық сезіледі. Кейде санамызда бір нәрсе төңкеріліп, аяқ астымызда сүйенетін жер жоқ сияқты. Бұл қоғамның және әйелдердің де ішкі жағдайы, былайша менің сыртқы және ішкі жағдайым десе болады", - дейді суретші.    

 Лос-Анджелес музейінің өкілдерін картина несімен қызықтырды?

Картина алғаш рет 2016-2017 жылдары Esentay Mall галереясында көрсетілген екен. Ал биыл ол Нью-Йорктегі Орта Азия суретшілерінің көрмесіне қойылды. Алайда ол пандемияға байланысты жабылғанына қарамастан, суретшінің айтуынша көрме сәтті өткен, АҚШ музейінің өкілдері де туындыны осы кезде сатып алған.

"Наурызда Өзбекстаннан Диля Қаипова, Қырғызстаннан Азиза Шаденова және мен көрме ұйымдастырдық. Келушілер көп болды. Лос-Анджелестен де адамдар келді. Олар жұмысты ұнатқандықтан сатып алған болуы керек. Сонымен қатар, картина Батыс Еуропа сурет өнеріне жақын. Туындыны таңдаған музей өкілдері одан шынайы Қазақстанның, жалпы заманауи қоғамдағы әйелдердің жағдайын көрген шығар, мүмкін олар қандай да бір нәрселер Еуропада ғана емес, Азия елдерінде кездесетінін түсініп, мәдени байланыс сезген болар", - дейді Сәуле Дюсенбина. 

Туындыға қазақстандықтар неге наразы болған? 

Картина былтыр "Ұлы Дала тарихы" атты жылжымалы көрмеге де қойылған екен. Онда елімізде және шет елдерде танымал қазақстандық суретшілердің шығармалары көрсетілді. Сәуле Дюсенбина ол жерде төрт метрлік "Жасау" инсталляциясын қойған. Онда картиналар 50 жастыққа басылып шығарылған, қатарында "Олардың отыратын жері бар" туындысы да бар. 

"Жасау" инсталляциясы

Суретшінің айтуынша, жылжымалы көрме Шымкентте, Жамбыл облысында және Талдықорғанда болған. 

"Талдықорғанда көрмеге келушілер жастыққа шығарылған суреттерді көргенде наразылық көп айтылды. Көпшілік бұл картинаны алып тастауды талап етті. Сол жерде пікірталас болды. Мен оларға туындымның қандай мағына білдіретінін түсіндіруге тырыстым. Оның қоғамдағы тұрақсыздықты көрсететінін, испан суртшісінің жұмысы негізінде салынғанын, онда ешқандай келемеждеу, қорлау жоғын, трагедиялық туынды екенін айттым. Осылайша көрермендердің бір бөлігі картинаны жақсы түсініп, менің жағыма шықты", - дейді Сәуле Дюсенбина.

Суретшіні қолдағандар өнердің мұндай проблемаларды айта алатынын басқаларға түсіндірген екен. Дюсенбина пікірталасқа разы болғанын айтты, себебі көз алдында адамдар пікірін өзгерткенін байқаған.


"Жасау" инсталляциясындағы картина

Суретшінің жағымсыз пікірлерге жауабы 

Өнерпаздың айтуынша, әлеуметтік желілерде оған "Қазақстанның ұлттық мәдениетін неге мазақтайсың?", "Жалаңаш аяқ пен кимешекті неге біріктірдің?" деген сұрақтар көп қойылады.

"Менің ойымша, өнер сөйлей алады. Ол көбіне мағынаны метафора арқылы жеткізеді. Адам баласы бұрын-соңды кездестірмеген, білмеген нәрсені көргенде осындай реакция болатынын байқадым. Жағымсыз пікір қалдырып, сынайтындардің көбі туындының мағынасын түсінбейді. Мұндай өнерді жою қажет, мені өртеп жіберу керек деп тіл тигізгендер де болды. Мен үшін мұндай сөздерді оқыған қиын. Себебі ұлттық қазақ өнерін азғырамын деген ешқандай арам ой болған жоқ. Сондықтан айыптамас бұрын сәл ізденсе деймін. Тіпті түсінбей жатқан жағдайда суретшінің неге бұл картинаны салғанын, не айтқысы келгенін ойланып, көкжиекті кеңейту үшін түрлі ақпарат оқыған абзал шығар", - деп қорытындылады Сәуле Дюсенбина.    


"Жасау" инсталляциясындағы картина

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная