Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
04 апреля 2018 11:43

Жалшыдан жұлдызға айналған Әміренің соқпақ жолы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әміре Қашаубаев. © presidentlibrary.kz Әміре Қашаубаев. © presidentlibrary.kz

Ерекше дауыс иесі 1888 жылы Шығыс Қазақстан облысында Дегеле тауының етегіндегі Абыралы ауданында дүниеге келген. Әміренің әкесі Қашаубайдың жанұясы кедей ғұмыр кешкен. Анасы Тоғжан бар өмірін бала тәрбиесі мен үй шаруашылығына арнап өткен. Отағасы қайтыс болған үйдің тіршілік тізгінін бала Әміре ұстаған. Баладайынан аштықты, суықты, әділетсіздікті, титықтатқан тар заманның бір үзім наны орасан зор еңбекпен келетінін біліп өскен ол байдың қолына ат айдаушы болып жалданады. Жазық далада жүрген қара сирақ бала сол кезде бар даусы жаңғырып, ән айтпағанда қайтсін. Қамкөңіл, момын баланың даусын естіген жұрт оны сол кезден-ақ "әнші бала" деп атап кетіпті. Ел аузына таралып, аты шыға бастаған баланы бай-бағландар той-томалаққа шақырып, ән салдыратын болған.


Ерекше дауыс иесі 1888 жылы Шығыс Қазақстан облысында Дегеле тауының етегіндегі Абыралы ауданында дүниеге келген. Әміренің әкесі Қашаубайдың жанұясы кедей ғұмыр кешкен. Анасы Тоғжан бар өмірін бала тәрбиесі мен үй шаруашылығына арнап өткен. Отағасы қайтыс болған үйдің тіршілік тізгінін бала Әміре ұстаған. Баладайынан аштықты, суықты, әділетсіздікті, титықтатқан тар заманның бір үзім наны орасан зор еңбекпен келетінін біліп өскен ол байдың қолына ат айдаушы болып жалданады. Жазық далада жүрген қара сирақ бала сол кезде бар даусы жаңғырып, ән айтпағанда қайтсін. Қамкөңіл, момын баланың даусын естіген жұрт оны сол кезден-ақ "әнші бала" деп атап кетіпті. Ел аузына таралып, аты шыға бастаған баланы бай-бағландар той-томалаққа шақырып, ән салдыратын болған.

Соқпақ

Бала Әміренің басына күн туған сәт оны жалдап отырған байдың мал терісін күзетуге қойып, даладағы еркін өмірінен айырған кезде болған. Мұны кедейдің баласы неге жұрттың алдында сонша қошемет көрді деп көреалмаушылығын жасыра алмаған байдың кесірі, дейді оның өмірін жете зерттеген тарихшылар. Тек жаратқанның дарыны қандай қиын да күрделі соқпақтан жол таппай қоюшы ма еді. Жаңғырып шыққан даусы ауылдағы әрбір адамның қиял қанатымен болашақ жайлы армандауына сеп болып, тынысын аша түсетін.

Оның шығармашылыққа ауған сәті Қоянды жәрмеңкесі еді. Мұнда ол кәсіби әншілердің өнерін тамашалап, дәл осы кезде байға жалшылықта өмір сүруге іштей талақ айтады. Бүкіл Семей жұрты Әміренің әнін де, өзін де құмартып тыңдайтын. Домбырасы шертілмеген, даусы естілмеген бірде-бір салтанат өтпейді екен. Есейе келе Әміре Қашаубаев Жұмат Шаниннің қолдауымен "Ес-аймақ" ағарту үйірмесіне бара бастайды. Ал 1924 жылы Халық таланттары байқауында Қали Байжанов екеуі бас жүлдені бөліскен. Міне, осы сәттен бастап оның есімі ел-елге тарап кетеді. Жұрттың қызығушылығы әсіресе кәсіби білімі жоқ болса да, табиғаттың тылсым күшімен құлақ құрышын қандыратын даусына түскен еді.


1925 жылы Мәскеу қаласында шыққан "Вестник работников искусств" деген журналдағы Әміренің фотосуреті. © Садық Қасиманов

1926 жылы Әміре Қашаубаев Қызылордадағы Қазақ драма театрының труппасы құрамына енеді. Бірақ мұнда да ол қандай да бір бөтен мүддеден ірі қойылымдарда эпизодтық рөлдерді сомдаған. Тек бұл оның актерлік қабілетінің сапасына байланысты емес еді. Қазіргі тарихшылардың өзі сол кезде өнер адамына деген қуғындау, қысым, елемеушілік сияқты бөтен ойлы әрекеттердің бар болғанын ашық айтады.

Махаббаты

Орда бұзар жасқа жақындаған Әміре махаббатын Семейден тапқан. Оразке есімді қыз өзінің тарақты руынан екен. Құдай қосқан қосағының қолдауы оның шығармашылық әлеміне қанат бітіріп келген. Оразкенің махаббаты оның өнерін де, өзін де қамтыған. Ыстық шоқтай шарпыған сезімдер туласып, Парижден оралған Әміре жарының жүкті екенін білген екен. Бұл 1926 жыл еді. Тұңғыш қызы Күлән, бірнеше жылдан кейін Күләш есімді екінші қыз дүние есігін ашыпты. 


Әміре жары Оразкемен. Қызылорда. 1929 жыл.

Сталиннің саясаты қандай еді?

Ресей Социалистік Федеративтік Кеңестік Республикасының Халық ағарту комиссариаты Әміре Қашаубаевқа Париждегі Дүниежүзілік көрмесіндегі этнографиялық концертіне қатысуға шақыру телеграммасын жолдайды. Сталиннің тапсырмасы бойынша EXPO-ға қазақтар мен украиндардан өнерпаздарды жіберу туралы шешім шыққан. Бұл оның КСРО арқасында көшпенді халық қалай жаңғырып жатқанын көрсету туралы саясаты болған екен. Сол заманда әрбір ұлттан бір-бір дарынды таңдап алып, олардың мақтауын асырып, бүкіл елге қандай интернационал мемлекет екенін көрсету ойы кеңес дәуірінің ұлттық өнерді насихаттау саясатының жақсы да, жаман тұстары болған. Мұның артында асылы колониализмнің жоқтығын, бәрі де тең екенін, бостандықта екенін көрсету мүдесі тұрыпты. Әрбір ұлттан шыққан осындай өнер иелерінің қатарында қазақтан шыққан Әміре де болған.


Елбасының Жеке архивінде РКФСР ағарту комиссары А. Луначарскийдің Семей халық ағарту бөліміне жіберген жеделхатының көшірмесі сақтаулы тұр. © presidentlibrary.kz

Жұлдызы жанған сәт

1925 жылы Әміре әлемдік көрмеде "Балқадиша", "Ағаш аяқ", "Жалғыз арша", "Қос Балапан", "Қанапия", "Үш дос" әндерін орындап, байқаудың екінші сыйлығы мен күміс медалін иеленіпті. Ертесі елдің барлық баспасөз қазақ дарынын мақтап, даусының өте сирек кездесетінін айтып, тамсанған. Қатысушылар қатарында Украина азаматшасы О.Федоровская, өзбек бишісі Тамара ханым, әнші Қари Жақыпов, әзірбайжандық Шевкет Мәмедов, башқұрт қурайшысы Жұмабай Есенбаев болғаны белгілі. Париж концертінің сценарийін жазған Владимир Маяковский мен Әміре Қашаубаевтың арасында достық қарым-қатынас орнады.

Ал Германияның Франкфуртында өткен Халықаралық музыкалық байқауынан кейін даусын ірі мәдениет өкілдері Ромен Роллан мен Анри Барбюс өте жоғары бағалаған. 

Зор даусы қазіргі күнге архивтегі таспамен жеткен Әміренің даусын қазіргі музыкатанушы мамандар екі жарым октава диапазонында болған дегенді айтады. Төменгі даусы драмалық баритон болса, жоғарғы даусы лирикалық тенор. Оның даусында бір нотаны аяғына дейін үздіксіз созып айтуға мүмкіндік берген өкпе паталогиясы болған дегенді де айтады кейбір мамандар.

Әлиханның хаты

Әлихан Бөкейханның Ахмет Байтұрсынұлына жазған хаты табылған. Онда Әлихан Әміренің Парижде өнер көрсеткен сәтінде неге өзге әншілер өз ұлттық киімімен шықса, біздің әнші орыс помещигінің киімін кигені жайлы жазған. Алайда Әміретанушы тарихшылар оның Парижге аттанар алдында қолхатпен ұлттық киім алып кеткенін айтады. Бұған не себеп болғанын, қазақтың ұлттық киімін сахнаға шыққан алғашқы күні неге кие алмағанын тарихшы мамандар әлі күнге түрліше жорып, болжамын айтады. Алайда нақты себебі бүгінге дейін белгісіз.


© Суретте құрамында Әміре Қашаубаев болған алғашқы Қазақ драма театрының труппасы бейнеленген. © presidentlibrary.kz

Белгілі музыка зерттеушісі Жарқын Шәкәрімнің айтуынша, Парижге сапарында Әміре Қашаубаев Мұстафа Шоқаймен кездесіпті.

"Сол кезде Парижде жүрген Мұстафа Шоқай атамыз Кеңестен келген делегацияны көргенде ерекше қатты қуанады. Тіпті, Әмірені көргенде жылап жіберіпті. Енді Мұстафа Шоқайға Кеңес үкіметі жау болғанымен, халқы жау болған жоқ қой. Олардың қасында бастан-аяқ бірге жүріп, қолғабыс берген. Парижді аралатып, қыдырып жүріп Мұстафа Шоқай естелік болсын деп, інілік ілтипатпен Әміреге бір жақсы костюм сатып әперіпті. Міне, бар болғаны сол ғана", - дейді ол.

Алайда, осы оқиға әншінің ендігі өмірінде қуғындау мен қысымға ұшырататынын кім біліпті.

Тоғыз жыл бойғы тергеу мен қуғын сүргінге шыдамаған Әміре қатты қажиды. Сөйтіп ақырында 1934 жылғы қарашаның 6-сына қараған түні 46 жасында, қақаған қара суықта, Алматы көшелерінің бірінде қайран Алаш арысы өлі табылады. Сирек кездесетін ғажайып талант иесі осылайша келместің кемесіне мініп кете барды. Бейіті Алматыда.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети