29 июня 2020 | 10:42

Қарағанды облыстық драма театрының директоры Сансызбай Бекболатов өмірден озды

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Сансызбай Бекболатов мезгілсіз өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Сансызбай Бекболатов мезгілсіз өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қайғылы хабарды театр ұжымы естіртті. 

Реклама
Реклама

Сансызбай Бекболатов 1955 жылы туған. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік Консерваториясын драма және кино актері мамандығы бойынша бітірді. 1973-1977 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының театр факультетінде оқып, СССР халық халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева, Әшірбек Сығаев, Демеш Арынғазиевадан шеберлерден дәріс алған.​ Шығармашылық өнер жолын 1977 жылдан Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында бастады.

Сансызбай Бекболатов (ортасында)

Талантты актер сахнада К.Гольдонидің "Екі мырзаға бір қызметші" - Труфольдино, Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" - Жапал, М.Кәрімнің "Ай тұтылған түн" - Ақжігіт, А.Бек "Волокам тас жолы" - Заев, Гогольдің "Үйлену" - Подколесин образдары арқылы өзінің сан қырлы талант иесі екенін танытты.

​1990 жылы ол Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрына шақырумен жұмысқа келді. Ұлттық және әлемдік классикада, сондай-ақ бүгінгі күн тақырыбында жазылған пьесаларда сан қилы бейнелер жасап, оларға өзіндік бояу бере алды. Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" - Есен, Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері Ақтоқты" - Қоңқай, Уиллиам Шекспирдің "Король Лир" - Эдгар, Еврепидтың "Медея" - Егей, Чеховтың "Шағала" - Медведенко, Э.Филиппонның "Филумено Мартураносы" - Адвокат, Т.Нұрмағанбетовтің "Табалдырығына табын" - Хамзин, С. Балғабаевтің "Біз де ғашық болғанбыз" - Cарман, Т.Ахтановтың "Махаббат мұңы" - Нияз, Шыңғыс Айтматовтың "Ана - Жер Ана" - Қасым, Әкім Таразидің "Жақсы кісі" - Хазин, Ж. Артықбаевтің "Малайсары тархан" - Қоңтайшы образдары арқылы актердің өзіндік ерекшелігін анықтауға болады.

Сансызбай Бекболатов сомдаған Мұхтар Әуезовтің "Айман-Шолпан" - Қортық шал комедиялы жанрда шешілген образдар актер ойынында теңдесі жоқ кейіпкерлерге айналды. Олжас Сүлейменов, Б.Мұқайдың "Заманақыр" қойылымында Дастан образы Жезқазған қаласында өткен республикалық театр фестивалінде "Ең үздік ерлер бейнесі" номинациясына ие болды. Дулат Исабековтің "Әпке" спектакліндегі Омар бейнесі үшін Шымкент қаласында өткен Республикалық фестивальде "Ең үздік эпизодтық роль" жүлдесін алды.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная