16 сентября 2020 | 16:23

Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай қуыршақ театры арнайы қойылым ұсынбақ

Даурен Ерболат Журналист
Фото: © Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры

30 қыркүйекте Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай "Өмір өзен" атты қойылымын сахналайды. Бұл туралы театрдың әртістері "Жұлдыз FM"-дегі "Таңғы шоу" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

30 қыркүйекте Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай "Өмір өзен" атты қойылымын сахналайды. Бұл туралы театрдың әртістері "Жұлдыз FM"-дегі "Таңғы шоу" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдымен мемлекеттік қуыршақ театрының әртісі Мақсат Камалов коронавирус пандемиясына қарамастан өнер ордасы жұмысын тоқтатпағанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Індетке байланыты көптеген гастроліміз шегерілді. Ашығын айтайын, көрермендеріміз де сағындық. Елімізде енгізілген карантинге қарамастан өнер ордасы онлайн жұмыс істеді. Театрымыздың Instagram-дағы парақшасы және Zoom бағдарламасы арқылы тікелей эфирде таңғы жаттығу жасап, "Балаларға базарлық", "Қайырлы түн, балақай", "Үйрен де жирен", " Ойнайық та күлейік" қойылымдарын көрсеттік. Кейін оның видеосы YouTube-тағы арнаға жүктелді", - деді ол.

Осы орайда әріптесінің сөзін Арай Сақтағанова толықтырды.

"Қуыршақ театры балаларға дұрыс тәлім-тәрбие беретін, олардың өнерге деген құштарлығын оятатын қасиетті орынның бірі деп санаймын. Сондықтан әр адам бала кезінен бойына бар жақсылықты сіңіру үшін осы жерге келуі керек сияқты", - дейді мемлекеттік қуыршақ театрының әртісі.

Сондай-ақ, Мақсат Камалов композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай көрермендерге тосын сый жасалғалы отырғанын жеткізді. 

"Еліміздегі коронавирусқа байланысты жағдай тұрақталған сияқты. "Індет тоқтасыншы" деген тілегіміз бар. Карантин басталмай тұрып, театырымыз Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай арнайы қойылымды сахналауды жоспарлаған еді. Өкінішке қарай, елде осындай жағдай болған соң, бұл жоспарымыз шегерілді. Қазір жұмыс істеп жүргенімізге төртінші апта болды. 30 қыркүйек, қала күніне орай Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін "Өмір өзен" атты арнайы қойылымды сахналауға дайындалып жатырмыз. Қойылым композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерінің желісіне құралған. Спектакль жас режиссер Еркебұлан Қабдылдың бастамасымен қойылады", - деді ол.

Сонымен қатар, әртіс бұл спектакльді қайдан көруге болатынын, әрі шара Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен жүзеге асырылатынын айтты.

"Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының Instagram желісінде "Қуыршақ театры" деген парақшасы және Youtube видеохостингісінде де жеке арнасы бар. Қойылымды осы желілерден тікелей эфир арқылы көруге болады. 30 қыркүйекте арнайы қойылымды сахналаймыз. Коронавирус пандемиясына байланысты сақтық шараларын сақтап отырмыз. Шара тегін болады", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная