Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасы ЕАЭО аясында ашылды

12 Тамыз 2015, 13:06
21

Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасы ЕАЭО аясында ашылды. Шекараны ашу туралы өкімді Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев телекөпір арқылы шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кедендік шекараның ашылу рәсіміне Қырғызстанның премьер-министрі Темір Сариев пен ҚР вице-премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

"Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі атаулы мереке. Кедендік шекараны ашу екі елге де бизнесті жандандыруға мүмкіндік береді. Біз жақсы нәтижелерге жетеміз. Қазір дағдарыс болып жатыр. Бұл сауда-саттық мәселесінде қиындықтар туындатады. Біз мұндай қиындықты алдын ала болжай алмадық. Бірақ одақ арқылы келешекте біздің елдердің халқының жағдайы жақсарады", - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгіннен бастап Қырғызстан ЕАЭО-ның толық құқылы мүшесі болды. Енді Қырғызстан тауарларын Қазақстан, Ресей, Беларусь пен Арменияға баж салығын төлемей өткізуге болады. Қырғызстан ЕАЭО елдерінен арзан өнімдер сатып ала алады.

Қырғызстанда бірыңғай кедендік тариф пен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикасы аясында бірыңғай тауар номенклатурасы іске қосылады. Сонымен қатар, Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес өнімге бірыңғай талап енгізіледі: құжаттар, өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжат.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (21)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц