26 ноября 2019 | 11:37

АӘК алатындарға: Сыйақы түскенде көмектен айырылып қалмау үшін не істеу керек?

© Тұрар Қазанғапов

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде азаматтар ресми табысын жасырып қалған болса - АӘК заңсыз тағайындалды деп есептеледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында болған жиында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде азаматтар ресми табысын жасырып қалған болса - АӘК заңсыз тағайындалды деп есептеледі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында болған жиында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біржан Нұрымбетов АӘК алып отырғандар қосымша қаражат бөлініп, соған байланысты көмектен айырылып қалмау үшін не істеу керегін түсіндірді. Оның айтуынша, бөлінген қаражат есебін өткізіп отыру қажет екен.

Реклама
Реклама

"Табысы өзгерді ме, азайды ма немесе заң бойынша егер де сіздің табысыңыз келесі кезеңде өзгеріп кетсе, премия алдыңыз мысалы, ол әсер ете ме. Сіз оны 10 күннің ішінде міндетті түрде мемлекеттік органға баяндауыңыз керек екенсіз. Егер 10 күннен асып кетсе қате болып есептеледі. Сондықтан, менің ұстанымым неғұрлым осындай әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде шарттарды, міндеттемелер, есептіктерді көбейтсек, соғұрлым біз халықты да қинаймыз, өзімізге де мәселе туындайды. Сондықтан біз жаңа ұстанымда осының бәрін жойып тастадық. 18 жыл бойы АӘК тоқсан сайын тағайындалып төленетін. Соған көшеміз", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекке қатысты және қаражатты қайтару жөнінде екі мәселе бар. 

"Бірінші жағдай: АӘК тағайындалған кезде адамдар өзінің ресми табысын жасырып қалған болса - ол АӘК заңсыз тағайындалды деп есептеледі. Бұл жағдайда ол қаражатты қайтаруы тиіс. Мәселен АӘК тағайындалып, төленіп жатқан кезде бір өзгерістер болды делік. Оны заңда былай дейді: мысалы АӘК-ті ай сайын емес, кейбірде 3 ай қосып төлейтіндер бар. Көбірек болсын, бір ісіңізбен айналысасыз ба, жұмсайсыз ба деген сияқты оймен. Бұл жағдайда АӘК 6 айға, 12 айға тағайындалады. Сөйтіп келесі тоқсанда біздің мамандар оны қадағалайды", - дейді министр. 

Министр қаражаттың қайтарылуы жөнінде өңірлерге түсініктемелер беріліп жатқанын айтты.

"Атаулы әлеуметтік көмек 6 айға тағайындалған жағдайда 4-5 айында табысы көбейіп, жұмысқа орналасып кеткен болса және ол табыс АӘК алу құқығын жоятын болса онда тек сол табыс пайда болған күннен бастап тоқтатылады. Қаражатты АӘК тағайындалғаннан бері қайтару дұрыс емес, заңсыз. Табыстарын жасырып қалған азаматтарға байланысты айтар болсақ, оларға мәжбүрлі түрде ақшаны қайтар деп айта алмаймыз. Себебі заңға сүйенер болсақ азамат өз табысын жасырып, АӘК алса ол - қаражатты өз еркімен қайтаруы тиіс. Егер өз еркімен қайтаруға бас тартса сот арқылы өндіріледі", - деді министр жиын барысында. 

Министрдің сөзінше, алғашында табысын жасырып қалған азаматтар келесі тоқсанда АӘК алуға толық құқығы болса, оған ештеңе кедергі болмайды.

АӘК-пен кредит жабуға тыйым салынған - ТҮҚЖБ

Еске салайық, атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта 1 сәуірден бастап беріле бастады. Атаулы әлеуметтік көмек - айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекет тарапынан берілетін ақшалай төлем. Ол отбасының әр мүшесіне шаққанда орташа айлық табысы 20 789 теңгеден немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын азаматтарға тағайындалады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная