26 февраля 2021 15:14

"Ақшаны қайтара алмай қалуыңыз мүмкін". Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру деген не?

Фото Тұрар Қазанғапов ©

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алу, ипотека жабу немесе емделуге ғана емес, қаржы компанияларына да аудара алады. Қазіргі уақытта ақшаны сенімгерлік басқаруға табыстау жобасы талқыланып жатыр. Сенімгерлік басқару деген не? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне экономист Мақсат Сералы айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алу, ипотека жабу немесе емделуге ғана емес, қаржы компанияларына да аудара алады. Қазіргі уақытта ақшаны сенімгерлік басқаруға табыстау жобасы талқыланып жатыр. Сенімгерлік басқару деген не? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне экономист Мақсат Сералы айтып берді.

Сенімгерлік басқару деген не?

Маманның айтуынша, сенімгерлік басқару - брокерлік компанияға қаражатыңызды табыстау. Ал брокерлік компаниялар оны айналымға салады. Сосын салымшыға дивиденттер, яғни қосымша төлемдер түсіп отырады.

Реклама
Реклама

"Әр компанияның белгіленген қайтарымы бар. Табыстаған қаражатыңыздан бөлек, белгілі бір пайызбен қосымша ақша аласыз. Мысалы, миллион теңге салсаңыз, 1,5 миллион қылып қайтаруыңыз мүмкін. Яғни, бұл - қаражатыңызды қаржылық инструменттер арқылы көбейту", - дейді Мақсат Сералы.


Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Ал брокерлік компаниялар бұл ақшаны қайдан алады? Экономистің сөзінше, олар сатып алу-сатумен айналысады.

"Қазақстанда қазіргі таңда 30-ға жуық брокерлік компания бар. Олардың негізгі қызметі - сатып алу, сату. Көп жағдайда валюта операцияларымен айналысады. Мысалы, фунт стерлинг не юань сатып алады да, оны қайта сатады. Сол арқылы олар өз капиталын көбейтеді.

Одан кейін - түсті металдар. Алтын, күміс, темірді сатып алып, сатумен айналысады. Тағы бір жұмысы - жекеменшік компаниялардың акциясын, облигациясын, мемлекеттік құнды қағаздарды салып алады. Мұндай сатып алу-сату операциясынан олар дивидент, яғни, үстінен ақша көреді. Оның бір бөлігін салымшы, бір бөлігін компания алады", - деп түсіндірді маман.

"Компанияны мұқият таңдау керек"

Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін осындай брокерлік компанияларға табыстай алады. Бұл жоба әлі талқыланып жатыр. Жоба бойынша Ұлттық банк талаптарына алты компания сай келіп түр, оның үшеуі бұл жобаға қатысуға келісім берген.

"Бұл компаниялардың басым бөлігі екінші деңгейлі банктерге тиесілі. Әр компанияның өз шарттары бар. Қанша капитал құясыз, одан қанша ақша табасыз - оның бәрі жеке келісімшартта көрсетіледі", - дейді ол.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Экономист бұл жобаға ақшаны сақтау амалы ретінде қарауға болатынын айтады. Оның сөзінше, қазір инфляция деңгейі жоғары, зейнетақы жинағының ақшасын депозитке сала алмайсыз, сондықтан балама нұсқа ретінде брокерлік компаниялар ұсынылған.

"Сіз зейнетақы жинағынан алған ақшаңызды брокерлік компанияға салған сон оны бір жыл бойы шешіп ала алмайсыз. Бір жыл ішінде сізге дивидент түседі, кейін оны қалай жұмсайтыныңызды өзіңіз білесіз. Қайтадан айналымға жіберуге болады, не өз шаруаңызға жұмсайсыз", - дейді Мақсат Сералы.


Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сенімгерлік басқаруға берген ақшаңыз пайда әкелмеуі де мүмкін екен. Экономистің сөзінше, ақшаңызды қайтара алмауыңыз да ықтимал. Сол үшін ол салынған ақшаны кепілдендіру мәселесін қарастыруды ұсынды.

"Әрине, ақшаны қайтара алмай қалуыңыз да мүмкін. Сол үшін ақша табыстайтын брокерлік компанияны мұқият таңдау керек. Жоғарыда айтылғандай, бұл компаниялар екінші деңгейлі банктерге тиесілі. Сондықтан бұл жерде компания ақшаны қайтара алмаса, банктен қайтаруға болады. Қалай дегенде де, қатер болмауы үшін, мемлекет бұл ақшаны кепілдендіруі керек деп ойлаймын. Компаниялар халық табыстаған ақшаға бірнеше жыл бойы ештеңе болмайды, осы сома сақталады деген кепілдік беруі керек. Бұл жоба әлі шикі, әлі толық дайын емес, сондықтан бұл мәселелер ескеріледі деп ойлаймын", - деді ол.

Қанша адам сенімгерлік басқаруға ақшасын аударуға өтінім жіберді?

Кеше Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Гульчехра Талқамбаева зейнетақы жинағының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға аудару үшін 99 адамнан өтінім түскенін айтады.

"Бүгінгі таңда үш компания БЖЗҚ-мен салымшылардың активтерін сенімгерлік басқару бойынша келісімшарт жасасты. Бұл - Jysan Invest, Halyk Global Markets, BCC INVEST. Жалпы алғанда агенттік талаптарына 6 компания сай келеді. БЖЗҚ мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда салымшылардан зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқаратын сенімгерлік басқару компанияларына аударуға қатысты 99 өтінім түсті", - деді кеше Талқамбаева ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

БЖЗҚ мәліметінше, сенімгерлік басқару компанияларына 257 миллион теңге аударылады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram