Жұмыс беруші жалақыны қандай жағдайда азайта алады

02 Шілде, 19:01
0
Жұмыс беруші жалақыны қандай жағдайда азайта алады -

Қандай да бір қаржы қиындықтары туған жағдайда басшылық компанияны сақтап қалу мақсатында немесе шығынды азайту мақсатында қызметкердің жалақысын азайтып, тіпті қысқартуға ұшыратып жатады. Бұл жағдайда жұмыс берушінің әрекеті қаншалықты заңды? Жұмыс беруші қандай жағдайларда жалақыны азайта алады? Еңбек кодексінде ол туралы көрсетілген бе? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтарды адвокат Тілеужан Жұмабекұлына қойған еді.

Адвокат жұмыс беруші мен жұмысшы арасында міндетті түрде еңбек шарты жасалатынын айтады. 

Еңбек кодексінің 103-бабында ("Жалақының мөлшері") жұмыс беруші мен жұмысшы арасында жасалған еңбек шартында немесе ұжымдық шартта жалақы көрсетілуі тиіс екені айтылады.

"Еңбек шарты әдетте 1 жылға жасалады. Бірақ жұмыс беруші еш жағдайда бір тарап бойынша, яғни өз бетінше жалақыны азайту немесе өсіру туралы шешім қабылдай алмайды. Ол заң бұзу болып саналады. Жұмыс беруші жалақыны азайтқысы келсе, заң бойынша бірінші кезекте жұмыскерге ескертеді. Кей кезде жұмыскер мекемеге немесе мекеме мүлкіне қандай да бір залал келтіруі мүмкін. Яғни мекемеге қарыз болып қалса, басшылық айлықты азайту жайлы бұйрық беруге құқылы. Ол бұйрықпен де жұмыс берушіні таныстыруы керек. Ал кейбір мекемелер дағдарысқа ұшырап, айлық төлеуге жағдайы болмаса, жұмыскерлерінің санын қысқартып немесе жалақысын азайтуды ұсынады", - дейді адвокат.

Айтуынша, тіпті жұмыс сағаттарын азайтуы мүмкін.

"Еңбек кодексінің 106-бабында ("Еңбекке сағат бойынша ақы төлеу") жұмыс күні толық болмаған немесе жүктемесі толық болмаған кезде нақты орындалған жұмыстар үшін ғана еңбекақы төленетіні айтылады. Кодекстің 33-бабында да ("Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі") мұның барлығы көрсетілген", - дейді  Тілеужан Жұмабекұлы.

Ал екінші жағдайда, маманның айтуынша, қызметкер отбасылық немесе жеке жағдайларға байланысты басшылықтан ақша алған болса, жұмыс берушінің белгілі бір мерзімге жалақыны азайтуға құқығы бар.

"Басшылық дайындайтын ескерту міндетті түрде жазбаша болады. Жұмыскерге өз кезегінде 5 күн уақыт беріледі. 5 күн өткен соң жұмыскер өз шешімін айтуы тиіс - сол жалақыға келіседі немесе жұмыстан өз еркімен шығады. Жұмыскер келіскен жағдайда заң бойынша еңбек шартына өзгерістер енгізіледі. Шартта нақты сома көрсетілуі керек", - дейді адвокат.

Заңгер қандай жағдай болсын, басшылық міндетті түрде жағдайды түсіндіріп, жұмыс берушіге ескертуі қажет екенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Жалақы кешіктірілсе жұмыс берушіден өтемақы талап етуге бола ма - Адвокат түсіндіреді

Қысқартуға ұшыраған жағдайда нені білу керек - Қызметкердің құқығы мен өтемақылар

Еңбек демалысына төленетін ақшаны қалай есептейді

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц