ПОДЕЛИТЬСЯ
15 февраля 2022 | 10:41
Қазақстанда қай компания жұмысшыларының жалақысы өсті?
Қазақстанда бірнеше компанияның өндірістік қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда бірнеше компанияның өндірістік қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сәтқалиевтің айтуынша, қор әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің кешенді жоспарын әзірледі. Өндірістік қызметкерлердің жалақысын арттыру бойынша шаралар қабылданды.
"Атап айтқанда 1 қаңтардан бастап "ҚазМұнайГаз" (10 пайызға), QazaqGaz (24 пайызға), ҚТЖ (20-35 пайызға), "Самұрық-Энерго" (10-32 пайызға), "Қазатомпром" (10-20 пайызға) қызметкерлерінің жалақысы өсті. Ал 1 ақпаннан бастап "Қазпошта" (7-25 пайызға), "Эйр Астана" (14-58 пайызға), KEGOC (15 пайызға), "Қазақтелеком" (9-50 пайызға) компанияның өндірістік қызметкерлерінің жалақысы өсті", - деді ол Үкімет отырысында.
Еске салайық, бұған дейін "Самұрық-Қазына" қорының төрт еншілес компания басшылары қызметінен босатылған болатын. Одан бөлек, "Самұрық-Қазына" қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілгені хабарланған болатын. Оған сәйкес, қор қызметкерлері саны екі есе қысқаратыны белгілі болды.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также