ПОДЕЛИТЬСЯ
25 июля 2019 | 13:38
Қазақстанда зейнетақы басқаша есептелетін болды - Жаңа ережені түсіндіреміз
Таяуда еліміздегі зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданғаны белгілі болды. Енді 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр жұмыс беруші міндетті 10 пайыз аударымнан бөлек, қызметкердің жалақысының қосымша 5 пайызын қосып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы керек. Қазір бұл ереже халық арасында қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың ендігіде зейнетақысы қалай есептелетінін анықтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таяуда еліміздегі зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданғаны белгілі болды. Енді 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әр жұмыс беруші міндетті 10 пайыз аударымнан бөлек, қызметкердің жалақысының қосымша 5 пайызын қосып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы керек. Қазір бұл ереже халық арасында қызу талқыланып жатыр. Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың ендігіде зейнетақысы қалай есептелетінін анықтады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 2,2 миллион зейнеткер бар. Ал 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері - 85 697 теңге, оның ішінде базалық зейнетақы - 26 978 теңге, ортақ зейнетақы 58 719 теңге екен.
Енді зейнеткерлерді қандай өзгерістер күтіп тұр?Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің мәліметінше, енді жұмыс берушіге ақшаны өз қаражатынан төлеуге тура келеді. Осылайша, министрлік бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ай сайын шамамен 35 миллиард теңге түседі деп болжап отыр.
Тиісті заң 2015 жылы қабылданған. Бұл жүйені 2018 жылы енгізу жоспарланған екен, бірақ тиісті ведомство жаңа ережелерді келесі жылға ауыстырған.
"Зейнетақы өмір бойы республика бюджетінің есебінен төленсе, оны алуға 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар адамдардың да құқығы болады. Демек, 1980 жылы туған қазақстандықтар1998 жылға дейін еңбек өтілі болмағандықтан, оларда мұндай құқық болмайды", - деп түсіндірген еді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры Виктория Шегай.
Жаңа ереженің мақсаты не?Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілердің айтуынша, жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын енгізудегі мақсаты - қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, жұмысшылардың еңбек өтіліне сәйкес келетін лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету. Осылайша, қызметкердің жеке зейнетақы шотына ай сайын жалақының 15 пайызы аударылып отырады екен: 10 пайызы - қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары, 5 пайызы - жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен зейнетақы жарналары.
Айта кетейік, зейнетақы аударымдарының жаңа ережесі барлық жұмыс істейтін қазақстандыққа, оның ішінде жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады.
Бірақ жұмыс берушілерден келіп түскен зейнетақы жарналары жеке тұлғалардың меншігі болып саналмайды және мұраға қалдырылмайды. Бұл қаражат БЖЗҚ активінде болады және зейнеткерлер арасында қайта бөлінеді.
Ол қалай есептеледі?Мысал үшін еңбек өтілі 33 жыл еңбекақысы 172 мың теңге (бүгінгі күні орташа жалақы) қызметкерді алайық. 33 жыл ішінде инвестициялық табысты есепке ала отырып, қызметкердің жалақысынан 10 пайыздық зейнетақы жинақтары шамамен 12,7 миллион теңге болады. Бұл ретте жалақының өсуі ескерілмейді. Еңбек демалысына шыққан кезде қызметкердің зейнетақысы 140 мың теңге болады да, оның ішінде жинақтау -110 мың теңге, базалық - 30 мың теңге. Алайда мұндай жағдайда жұмыс берушінің жарнасын енгізу есебінен (ЖМЗЖ) қызметкердің зейнетақысы 50 мың теңгеге ұлғайып, 190 мың теңгеге жетеді.
Айта кетейік, қазақстандықтар бүгінде "Зейнетақы калькуляторы" арқылы болашақта қандай зейнетақы алатынын есептей алады. Болжамды калькуляторда болашақ зейнетақының мөлшерін есептеу үшін - туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі, қазіргі жинақ сомасы, орташа жалақы сомасын енгізу қажет. Барлық мәліметтіі енгізгеннен кейін "Есептеу" батырмасын басу қажет.
Қазақстандықтардың зейнет жасы қандай?Елімізде ерлер үшін биылғы зейнеткерлік жас - 63, әйелдер үшін - 58 жас 6 ай. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 11 бабы бойынша, әйелдер үшін зейнет жасы 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға көтеріліп отырады.
Әйелдердің зейнеткерлік жасының кезең-кезеңмен көтерілуі:
2018 жылғы 1 қаңтардан - 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан - 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан - 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан - 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан - 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан - 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан - 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан - 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан - 62,5 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан - 63 жасқа толғанда.
Қазіргі таңда Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейден тұратын көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.
- бірінші деңгейі (базалық) - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (республикалық бюджет);
- екінші деңгей (міндетті) - міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен ынтымақты жүйеден (республикалық бюджет) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақылар;
- үшінші деңгей (ерікті) - ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер.
Базалық деңгейде зейнеткерлік жасқа жеткен кезде азаматтарға, сондай-ақ республиканың аумағында тұрақты тұратын адамдарға тағайындалатын және ынтымақты және/немесе жинақтаушы зейнетақы алуына қарамастан жүзеге асырылатын мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі базалық деңгейде көзделген.
Қазіргі уақытта базалық зейнетақы төлемінің мөлшері барлық алушылар үшін бірдей және 16 037 теңге құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушылар - 2 миллион адам.
Зейнетақы қорындағы ақша толық мөлшерде төленетін кездер- Қазақстан азаматы басқа елге қоныс аударып, сол мемлекеттің азаматтығын алса;
- Азамат қайтыс болған жағдайда отбасы мұрагер ретінде алты айдан кейін ақшаны алуға құқылы
- Зейнетақы аннуитеті арқылы. Ол үшін қорда жинақталған зейнетақы жарнасының сомасы аннуитетті сатып алуға жеткілікті болуы керек. Аннуитет үшін ерлердің шотында 9 миллион, әйелдерде 13 миллион теңге болуы керек екен.
Зейнетке кімдер ерте шыға алады?Ресми мәліметтерге қарағанда, мына санаттағы қазақстандықтар зейнетке ерте шығуға құқылы:
- 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін (5 жылдан кем емес) экологиялық қауіп аймақтарында тұрған, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар жүргізудің салдарынан зардап шеккендер: ерлер 50 жасқа толғанда, ал әйелдер 45 жасқа толғанда.
- 5 және одан да көп бала туған немесе асырап алған және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда зейнетке ерте шыға алады.
Зейнетақы көп болу үшін не істеу керек?Былтыр бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова жас қазақстандықтарға жоғары зейнетақы алудың қамына қазірден бастап кірісу керектігін айтқан болатын.
Сондай-ақ, Жақыпова сол кезде 2020 жылдан бастап шартты жинақтау жүйесі енгізілетінін мәлімдеген еді. Жұмыс берушінің қоластындағы қызметкері үшін қосымша 5 пайыз аударатыны сол кезде талқыланған болатын.
"Сіз еңбек нарығына 21 жаста келсеңіз, онда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне кем дегенде 33 жыл қатысуыңыз керек. Сол кезде базалық деңгей ретінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын алуға мүмкіндік бар. Ал егер сіз зейнетақы жүйесіне қатысып, зейнетақы жарнасын толық көлемде уақтылы аударып отырсаңыз, онда БЖЗҚ-дан да төлем төленеді. Басты басымдық осы. Яғни кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алады", - деп түсіндірген еді бұрынғы вице-министр.
Оқи отырыңыз:
Зейнетақы жинағы уақытынан бұрын берілетін жағдайлар
Мемлекеттік кепілдеме: Зейнетке шыққанда берілетін біржолғы төлем жайлы не білеміз
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также