13 ноября 2020 | 15:37

"Шығынды жазып отырыңыз". Маман ақшаны үнемдеп, тиімді жұмсаудың құпиясын бөлісті

Даурен Ерболат Журналист
Фото: © Тұрар Қазанғапов

GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халық ақшаны үнемдеп, тиімді жұмсаудың, қаражатты еселеудің, қаржы пирамидасына алданбаудың жолы мен табысты болудың құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халық ақшаны үнемдеп, тиімді жұмсаудың, қаражатты еселеудің, қаржы пирамидасына алданбаудың жолы мен табысты болудың құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Статистикалық деректерге сүйенсек, тұтынушылық кредит бойынша 5,5 миллионға жуық қазақстандық банк алдында қарыз. Ал соңғы бір жылда төлем мерзімі өткен несие өсімі 86 миллирд теңгеге жеткен. Қарызын уақытында қайтара алмай қиналғандардың басым бөлігі - карантин кезінде табысынан айырылғандар.

Реклама
Реклама


Фото: Мақсат Халықтың жеке архивінен алынды

Экономистің пікірінше, бұл мәселеде халықтың қаржы сауатын арттыру өте маңызды. Осыған байланысты ол оны арттыру үшін нені білу маңызды екенін айтты.

"Біріншіден, ақшаның негізгі функциясы мен міндетін біліп алған жөн.

Екіншіден, отбасылық бюджет туралы түсінік қалыптастыру керек. Онда кіріс, шығыс және оның түрлерін білу қажет. 

Үшіншіден, "жинаған қаражатыңызды қалай арттыра аласыз? Оны депозитке салу керек пе? Қаржыңызға қалай инвестиция жасауға болады?" деген мәселе бар. 

Төртіншіден, қарыз алу. Мысалы, алға қойған мақсатымызға тез жету үшін қарыз алуымыз мүмкін. Оның бірнеше түрі бар. Ал екінші деңгейлі банктерден кредит алған жағдайда қаржылық білім керек. Бұл кредитті тиімді алу үшін маңызды", - дейді маман.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Мақсат Халықтың айтуынша, адам бұл ұғымдарды білгеннен кейін жеке кәсіп ашу, құнды қағаз нарығына шығу мәселесін қарастыра алады. Осылайша, ол ақшасын еселеп, көбейтуге мүмкіндік алады.

Ақшаны үнемдеп, оны қалай тиімді жұмсауға болады?

Экономист ақшаны үнемдеп, оны тиімді жұмсау үшін кіріс пен шығысты бақылап отыру маңызды екенін жеткізді.

"Бұл мәселеде отбасылық бюджетке тоқталамыз. Біріншіден, кіріс көзін айқындаңыз. Әр шығыныңызды үнемі жазып отырыңыз. 2 ай осылай жасасаңыз, ақшаны қайда жұмсап жатқаныңызды, шығындарыңызды нақты біле аласыз. 

Екіншіден, сіз шығындарыңызды білу арқылы ақшаны үнемдеуді үйренесіз. Осылайша, қаражат жинай аласыз. Үнемдеп үйрену – көрсе қызарлыққа бармау. Сонымен қатар, сауда орындарына, дүкендерге барғанда сатып алатын заттарыңыздың тізімін жасаңыз. Бұл сізге артық ақша жұмсамауға мүмкіндік береді", - дейді Мақсат Халық.

"4 конверт" әдісі

Сонымен қатар, маман отбасылық бюджетті тиімді басқарудың тағы бір қарапайым әдісіне тоқталды. 

"Сіз жалақыңызды алған кезде алдымен оның 10 пайызын жеке бөліп қоясыз. Оны "жоқ" деп есептейсіз. Бұл - сіз жинайтын ақша. Кейін қалған ақшаңызды 4 конвертке бөлесіз. Алайда апта сайынғы шығындарыңызды әрбір конвертке бөліп қойып, ретімен жұмсаймыз. Егер ақшаңыз жетпей қалса, келесі аптаға дейін шыдайсыз, артық ақша жұмсамаймыз. Егер ақша артылып қалса, оның бір бөлігіне өзіңізге керек затты сатып алыңыз немесе сақтап қойыңыз. Бұл сізге мотивация үшін керек. Ақшаны тиімді жұмсаудың осындай әдістері бар", - дейді экономист.

Қаржы пирамидасы

Мақсат Халықтың айтуынша, қаржы пирамидасының бірнеше түрі бар. Оның ең қарапайым түрі - понци.

"Онда бір адам жанындағы адамдарды "қомақты қаржы табуға болады" деп сендіреді. Ол "депозитке 100 мың теңге салсаң, мен саған 5 күнде 200 мың теңге болдырып қайтарамын" дейді. Оған қаржылық білімі аз адам сеніп қалады. Кейін алаяқ тағы бернеше адамды сендіреді. Осылайша, ол 5 күннен соң алдындағы адамға 200 мың теңгесін қайтарып береді. Нәтижесінде бұл адам алаяққа сеніп, басқа адамдарды сендіре бастайды. Осылайша, қаржы пирамидасы пайда болады. Алайда қосымша табыс алып келетін адам болмай қалған кезде "пирамида құлайды". Егер сізге біреу "аз ғана уақыттың ішінде 2 есе пайда, қомақты қаржы табуға болады" десе, оған сенбеңіз. Бұл - ақылға сыймайтын дүние", - дейді маман.

Экономист қаржы пирамидасында тауар болмайтынын, алаяқтар ақшадан ақша жасайтынын атап өтті.

Табысты болудың құпиясы

Сонымен қатар, ол қазақстандықтарға бай, табысты болудың құпиясын айтты.

"Мейірбек Бердібайұлы деген кәсіпкер бар. Ол - бизнес тренинг саласында табысқа жеткен азамат. Ол "үлкен жетістікке жеткің келсе, қателесуді үйрен" дейді. Ал қателесуді үйрену үшін әрекет жасау керек. Босқа қарап отырудың керегі жоқ. Ал әрекет жасау үшін білім алған жөн. Менің ойымша, бай, табысты болудың негізі формуласы - осы. 

Сонымен қатар осыған өзіңізге деген сенім мен еңбекқорлықты қосыңыз", - дейді Мақсат Халық.

Ақшаны қандай валютада сақтау керек?

Экономист ақшаны тұрақты шетелдік валютада сақтау керек деген пікірде.

"Ақшаны ұзақ мерзімге сақтасаңыз, еуро, швейцариялық франк және алтында сақтаңыз. Долларға сеніп қалмаңыз. Ал ақшаңызды қысқа мерзімде сақтасаңыз, онда теңгемен ұстағаңыз жөн", - деп түйіндеді сөзін маман.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная