29 мая 2019 | 15:38

"Үш адам тартуың керек". Маман қаржы алаяқтарының басты белгілері жайлы

© pexels.com

Қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы аз күнде қыруар ақша табуға болатыны туралы жарнамаларды жиі көруге болады. Олар түрлі компания атауларымен жамылған, арасында шетелдік компаниялар да бар. Егер де сізге қысқа уақытта көп ақша табуға болады және ол үшін басқа адамдарды сол компанияның тауарын немесе қызметін пайдалануға тарту керек десе, онда ол қаржы пирамидасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы аз күнде қыруар ақша табуға болатыны туралы жарнамаларды жиі көруге болады. Олар түрлі компания атауларымен жамылған, арасында шетелдік компаниялар да бар. Егер де сізге қысқа уақытта көп ақша табуға болады және ол үшін басқа адамдарды сол компанияның тауарын немесе қызметін пайдалануға тарту керек десе, онда ол қаржы пирамидасы.

Tengrinews.kz тілшісіне қаржы кеңесшісі Ерлан Ибрагим қаржы пирамидасының басты белгілері мен олардан қалай сақтану керек екенін айтып берді. 

Реклама
Реклама
Ерлан Ибрагим, қаржы кеңесшісі       

Маманның сөзінше, алаяқ компаниялар аз уақытта көп табыс табуға көмектесетінін және ол үшін көп жұмыс істемеуге болатынына сендіреді. Сондай-ақ, олар желілік жүйені қолданады, яғни өзіңмен бірге бірнеше адам алып келсең табысың бірнеше есе артады дейді. 

"Негізі қаржы пирамидасына адамдарды шақыру үшін соны құрған адамдар алғашқы болып келгендерге ақша беріп, оны жарнама ретінде қолданады. Бұл сондықтан желілік жүйе деп аталады. Желілік жүйе арқылы олар көптеген адамды жинап, оларғы қысқа уақытта табысқа кенелтуге уәде беріп, соңында құр қол қалдырады. Мұны классикалық жоспар дейді. Яғни бұл пирамидадан басындағылар ғана қоректеніп, ол төмендеген сайын адамдар пайдадан бұрын, өз құйған ақшасын да қайтара алмайды", - дейді ол.

Ерлан Ибрагимнің сөзінше, көбінесе қаржы пирамидасының торына түсетіндер - қысқа уақытта ақша табамын дейтіндер.

"Мен танитын кейбір адамдар маған да әртүрлі компнаниялар туралы айтып жатады. Бірақ ести сала бірден ондай компаниялардың артында алаяқтар тұрғанын байқаймын. Кейбіреулері ондай компанияларға жан-тәнімен беріліп жұмыс істейді. Бастапқыда олар пайда табуы да мүмкін. Бірақ одан кейін қатарға қосылған адамдар алданып қалады. Желілік жүйе басында табыс әкелетіндей көрініп, кейін үзіледі", - дейді маман.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұндай компаниялар әлеуметтік желі арқылы да өздерін жарнамалайтын болған. Ғаламторда да олар көп ақша, қысқа уақытта пайда табу, аз ақша құйып жақсы техникаға ие болу деген сияқты ұсыныстар жасайды екен. 

"Менің балам маған аз ақша құйып, біршама уақыттан кейін Iphone алуға болады деген жарнаманы көрсетті. Мен бұл ұсыныстың артында алаяқтық жатқанын байқадым. Осы сынды жалған ұсыныстарға қаншама адам алданып қалады. Ал бір танысым маған осы ұсынысқа ақшасын құйып, енді нәтижесін күтіп жатқанын айтты. Мен оған бұл ұсыныстың артында алаяқтық жатқанын есткерттім. Салдарынан ұсыныстарға өз ақшасын құйған адам кінәлі болып қалады. Себебі адам өз еркімен ақшасын беріп қойды. Сондай-ақ, бағамдарды болжау арқылы ақша табуға көмектесеміз дейтін компаниялар туралы айтқым келеді. Олар нағыз алаяқтар. Бір аптаның ішінде қаржылық сауат ашамыз дейді. Сөйтіп, валюта бағамдарын болжауды және одан пайда табуды игеріп атуға көмектесетінін айтады. Оның барлығы жалған. Себебі мен бірнеше ЖОО-да қаржылық салада білім алған адаммын. Ертең еуроның бағамы қандай болатынын мен де айта алмаймын. Оған алданғандар ақшасын құйып, кейін оны қайтара алмайды", - дейді ол.

Маманның айтуынша, ең бірінші алаяқ компаниялар белгілі бір соманы енгізуді сұрайды, кейін уәде етілген бірнеше еселенген соманы қайтару үшін, бірнеше адамды қатарға тарт және олар да ақша құюы керек деген талап қояды.

"Кейбір адамдар осындай жағдайға көніп, таныстарын, туыстарын, достарын шақыра бастайды. Сөйтіп бұл желілік жүйе болады. Мүмкін бастапқыда осы желілік жүйеге қосылған адамдар пайда көрер. Бірақ кейіннен қосылған адамдар тек қайтарымсыз ақша береді. Негізі қаржылық пирамидаларын ажырату өте қиын. Олар өздерін шынайы компания ретінде көрсетеді. Бірақ жоғарыда аталған классикалық жоспарды қолданады", - дейді ол.

Қаржы кеңесшісінің сөзінше, адамдар қаржы пирамидасы ұйымына берген ақшаларын қайтара алмайды. Себебі олар ақшасын жеке аударым арқылы жасайды, сондай-ақ кейбір аударымдар қайырымдылық ретінде де болады. Ондай аударымдарды құқық қорғау органдары арқылы да ала алмайды. Алаяқтық дерегін дәлелдеу мүмкін емес. Себебі олар ақшаны өз еркімен аударған.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная