25 апреля 2020 | 12:02

"Балаларыма тамақ беріңдер!". Ресейліктер Желіде билікке үндеу жасады

Ресейде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай не карантин режимі әлі енгізілген жоқ. Қазір елде тек оқшаулану режимі жарияланған. Осы режимде ресейліктер үйде отыруға міндетті, ал көп жұмыс орны жабылған. Сондықтан ресейліктер табыс көзінің болмауына байланысты Желіде жаңа флэшмоб бастады. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тарап жатқан осы акция туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай не карантин режимі әлі енгізілген жоқ. Қазір елде тек оқшаулану режимі жарияланған. Осы режимде ресейліктер үйде отыруға міндетті, ал көп жұмыс орны жабылған. Сондықтан ресейліктер табыс көзінің болмауына байланысты Желіде жаңа флэшмоб бастады. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тарап жатқан осы акция туралы баяндайды.

"Балаларыма тамақ беріңдер, ал мен үйде отырамын!"

Реклама
Реклама

Интернет қолданушылары әлеуметтік желіде өз суреттерін жүктеп жатыр. Басқа суреттерден басты айырмашылығы мұнда бәрі плакат ұстап тұрады. Плакатта биліктің "Үйде отырыңдар!" деген бұйрығына қарсы пікір жазылған. Онда "Балаларыма тамақ беріңдер, ал мен үйде отырамын!" деген жазба бар.

Осы флэшмоб арқылы тұрғындар табыс көзінен айырылғанына билік назарын аударуға тырысып жатыр.

Мұны бірінші болып оқшаулану режимі кесірінен жұмыссыз қалған әйелдер бастаған. Кейін акцияға бизнесін жабуға мәжбүр болған кәсіпкерлер қосылған.

Акция қатысушыларының айтуынша, көп адам тамаққа, коммуналдық қызмет ақысын төлеуге, кредиттер мен ипотека төлемін жасауға ақша жеткізе алмай жатыр екен.

Online Market Intelligence мамандарының сауалнамасына сүйенсек, елде коронавирус басталғалы халықтың 49 пайызы табысынан айырылғанын мәлімдеген. Сауаланамаға қатысушылардың 46 пайызы тамақ алуға да ақшамыз жетпей қалуы мүмкін деп қорыққан екен.

"Көп отбасының жиналып тұрған қаражаты жоқ"

Акцияны желідегілер бірден қолдап, оны әрі қарай таратқан. Бәрінің суреті бірдей. Көбіне медициналық маска киген адам қолына плакат ұстап суретке түседі. Бәрінің жазуы бір - "Балаларыма тамақ беріңдер, ал мен үйде отырамын!".

Мұндай акция Ресейдің барлық аймағына тараған.

Бірі жұмыс істеп жатқан сәтте осындай жазба жарияласа, ал бірі плакаттағы стандартты жазбаға "Жалға алынған пәтерімнің ақысын төлеп беріңдер" деген талап қосқан.

Соңғы суреттегі адам - Башқұртстанның 31 жастағы тұрғыны Рустам. Ол Proufu.ru порталына берген сұхбатында флэшмобқа неге қатысқанын түсіндірген.

"Елдегі, оның ішінде Башқұртстандағы жағдайды, көп жастың ипотекада отырғанын, бір жалақыны келесі жалақыға жеткізе алмай жүргенін білемін. Себебі жалақы деңгейі жақсы өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Көп отбасының жиналып тұрған қаражаты жоқ. Сондықтан осы флэшмобқа қатысуды жөн санадым", - дейді ол.

Үкімет не деді?

Флэшмобтың халық арасында қызу талқыға түсуі акцияның негізгі мақсатына жеткізді. Оған билік өкілдерінің назары ауған. Бұл флэшмоб туралы Отбасы, әйелдер мен балалар мәселесі бойынша Мемлекеттік Дума комитетінің төрайымы Тамара Плетнева пікір білдірген.

"Не деп жауап бергенімді қалайсыз? "Жұмыс істемеңдер" дейін бе? Жұмыс істейтіндердің бәрі қашықтан қызмет етіп жатқанын білесіздер. Менің бүкіл комитетім қашықтан жұмыс істейді, мен де сөйтіп жүрмін, енді не? Бұл толық төленеді ғой. Кімді кезекшілікке шақырса, олар қажеттінің бәрімен қамтамасыз етіледі. Ал не істеуге болады? Бүкіл елдің үйде отырғанын қалайсыз ба, содан кейін не болады? Адамдарды емдеумен қатар, кейін қалай өмір сүру керек, жәрдемақыларды қалай төлеу керек екенін де ойлауымыз қажет", - деді комитет басшысы "Говорит Москва" радиостанциясына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Плетнева жалақысынан айырылғандарға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы берілетінін айтады.

"Ал жұмыссыз қалғандарға жұмыссыздық бойынша ақы төленеді. Бұл сома қазіргіден көп - төменгі күнкөріс деңгейінде. Егер әрине, оларды жұмыстан шығарса. Егер олар өздері сонда барып жүрсе, бұл жерде жәрдемақы жоқ. Көптеген проблема бар. Бұл өте қиын кезең, оны халыққа түсіндіру керек", - деді ол.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная