25 мая 2020 | 13:28

"Саунада жүргендей боласың". Жазаланған медбикені Интернетте қолдау флешмобы басталды

Өткен аптада желіде қорғаныс костюмінің ішінен тек іш киім киген ресейлік медбикенің суреті желіде қызу талқыланған. Ол Тула облысының инфекциялық ауруханасында жұмыс істейтін медбике болып шықты. Қазір Желіде ресейліктер тулалық медбикені қолдау мақсатында флешмоб бастады. Tengrinews.kz тілшісі коронавируспен күресіп жатқан медбикенің әрекеті мен оны қолдағандар туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өткен аптада желіде қорғаныс костюмінің ішінен тек іш киім киген ресейлік медбикенің суреті желіде қызу талқыланған. Ол Тула облысының инфекциялық ауруханасында жұмыс істейтін медбике болып шықты. Қазір Желіде ресейліктер тулалық медбикені қолдау мақсатында флешмоб бастады. Tengrinews.kz тілшісі коронавируспен күресіп жатқан медбикенің әрекеті мен оны қолдағандар туралы баяндайды.

Қорғаныс костюмінен терлеп, жазаланған медбике

Реклама
Реклама

Тула облыстық ауруханасында коронавирус жұқтырғандармен жұмыс істейтін Надежда Жукова қорғаныс костюмі ыстық болған соң, амалын тапқан. Ол костюм ішінен ештеңе кимей, тек іш киіммен болған.

Медбикенің айтуынша, костюм іші ыстық. Сондықтан оның ішінен ештеңе кимеуді жөн санаған. Медбике костюмнен бәрі көрінетінін білмеген екен. Оның суретін 19 мамырда "Тульские новости" жариялаған.


Фото: newstula.ru

Науқастардың ешқайсы аурухана басшылығына медбикенің киімін айтып, шағымданбаған екен.

Бірақ өңірдің Денсаулық сақтау министрлігі аурухана қызметкерін медициналық униформаны сақтамағаны үшін жазалаған. Оған ескерту жарияланып, жағдай қайталанбауы үшін басқа да қызметкерлермен профилактикалық жұмыс жүргізілген.


Фото: newstula.ru

Осыдан кейін Тулада медициналық қызметкерлердің арнайы киімді қолдануын бақылау күшейтілген.

Медбикенің суреті әлемге танымал Reddit порталында да жарияланған. Онда фотоға "Ресейдегі қарапайым COVID-19 дәрігері" деген атау қойылған. Онда шетелдік қолданушылардың көбі медбикені қолдаған.

Жазбаға шетелдік дәрігерлердің бірі пікір қалдырыпты.

"Қорғаныс костюмін кисем, 0,035 секундтан кейін терлей бастаймын. Маған рұқсат берілсе, мен де сөйтер едім. Бірақ менің артық салмағым бар, сондықтан мен бұлай әсерлі көрінбеймін", - деп жазған дәрігер.

Тағы бір Reddit қолданушысы осы медбике үшін Ресейге барудан да тартынбайтынын айтқан.

"Жаңа ғана Калифорнияда COVID-19 індетіне тест тапсырдым. Ресейге ұшып барып, тестті тағы да тапсыруыма бола ма?", - деп қалжыңдаған ол.

Медбике әрекетіне билік не дейді?

Жукова жұмыс істейтін облыстық аурухананың бас дәрігері Анна Савищева медбике жазаланбағанын, тек ауызша ескерту алғанын, ол жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ, медбикені Тула облысының губернаторы да қолдаған.

"Біз өз қызметкерімізге ешқандай жаза қолданған жоқпыз. Қыз жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл жақсы қызметкер, кәсіби маман, жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетеді. Оның фотосы желіде пайда болғаннан кейін онымен губернатор Алексей Геннадиевич Дюмин кездесіп, байланысқа шықты. Ол медбикемен сөйлесіп, қолдау көрсетті және оның жұмысына және барлық дәрігерге алғысын айтты", - деді бас дәрігер "Вестиге" берген сұхбатында.

Анна Савищеваның айтуынша, дәрігерлер қорғаныс костюмімен күніне сегіз сағат жұмыс істейді. Сондай-ақ, ол медбикені суретке түсіріп алғандарды сынаған.

Тула облысы денсаулық сақтау министрі Алексей Эрк те медбикеге қолдау көрсетті.

"Медбикеге істеген жұмысы үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Шын мәнінде, жұмыс өте қиын. Өкінішке қарай, біздің өмірімізде мұндай оқиғалар болып тұрады", - деді Эрк "Первый Тульский" телеарнасына берген сұхбатында.

Ал Мемлекеттік Дума депутаты Николай Валуев медбикеге қолдау көрсетуге шақырды.

"Осы медбикені көрген науқатар аурудан жазылғаннан кейін уақыт өте келе бұл қызметкерге арнап арнайы хат жазатын шығар. Аурухана басшылығы көзқарасын өзгертіп, медбикені марапаттайтын болар", - дейді Валуев Қоғамдық жаңалықтар қызметіне.

Мемлекеттік Дума депутаты, Ресейдің бұрынғы бас санитар дәрігері Геннадий Онищенко болса, медбикенің әрекетін сынаған.

"Әрине, бикиниді көрінетін формамен кию әдепке жатпайды. Қыз өзін дұрыс ұстамады, оның үстіне әңгіме науқастар жатқан аймақта болып отыр", - деді Онищенко "Вечерний Москва" тілшісіне.

"Тер жаңбырша ақты"

Таяуда ресейліктер Жукованы қолдап, желіде флешмоб бастады. Мұндай идея Самара тұрғындарына келген. Тұрғындар қорғаныс костюміне ұқсас комбинизон ішінен тек іш киім киіп, жағалауларда, дүкендер мен аулаларда суретке түскен. Осы арқылы олар Надежда Жуковаға қолдау білдіріп, қорғаныс костюмімен жұмыс істеп жүрген медициналық қызметкерлердің жағдайын түсінуге тырысқан.

"Тыныс алу қиын, тер жаңбырша ақты, саунада жүргендей әсерде боласың", - дейді флешмобқа қатысқандар.

Акция қатысушылары осындай костюмді 10 минут қана киген, ал медицина қызметкерлері онымен бірнеше сағат жұмыс істейді. Сондықтан, флешмобқа қатысқандар дәрігерлерге алғысын білдірген.

"Костюмді киген соң екі минут ішінде денем терлеп кетті... Респиратор ішінде тыныс алу мүмкін емес, ештеңе естілмейді. Дәрігерлер мұндай костюммен 24/7 режимінде қалай жұмыс істейтінін түсіне алмаймын", - дейді тағы бір тұрғын.

Сонымен қатар, Надежда Жуковаға Ярославльдің онколог дәрігері Дмитрий Петровский қолдау білдірген.

"Бәрі медбикені сынап жатыр екен. Осы киімнің бәрін кисең, шынымен ыстық. Ондаған жыл бойы операция кезінде халат ішінен жейде кимеймін. Себебі маска, халат, шапка, алжапқыш - бірнеше сағат бойы қарқынды жұмыс істегенде шынымен ыстық болады", - деп жазды онколог дәрігер Facebook-парақшасында.

Ал бір адам тулалық медбикенің суретін иллюстрацияға айналдырған. 

Акцияға қатысушылар басқа да тұрғындарды флешмобқа қатысып, қорғаныс костюмін киіп, COVID-19 індетімен күресіп жатқан дәрігерлердің жағдайын түсінуге шақырды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная