08 июня 2020 | 16:45

Адамдарды жаппай чиптеу деген не және оған Билл Гейтстің қандай қатысы бар?

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері вакцина мәселесі де жиі талқыланады. Одан бөлек, желіде вакцина арқылы адамдарды жаппай чиптеу басталады деген ақпараттар тарап кетті. Артынша Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамзатты жаппай чиптеуді қолға алмақ деген айыптар тағылды. Чиптеуге байланысты әр елде түрлі фейк ақпараттар күн сайын тарады. Tengrinews.kz тілшісі чиптеуге байланысты толығырақ ақпаратты жинастырды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері вакцина мәселесі де жиі талқыланады. Одан бөлек, желіде вакцина арқылы адамдарды жаппай чиптеу басталады деген ақпараттар тарап кетті. Артынша Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамзатты жаппай чиптеуді қолға алмақ деген айыптар тағылды. Чиптеуге байланысты әр елде түрлі фейк ақпараттар күн сайын тарады. Tengrinews.kz тілшісі чиптеуге байланысты толығырақ ақпаратты жинастырды. 

Адамдарды чиптеуге Билл Гейтстің не қатысы бар?

Реклама
Реклама

Коронавирус пандемиясы басталған кезеңде "Билл Гейтс COVID-19 арқылы адамдарға вакцина салып, жаппай чиптеу жүргізбек деген айыптаулар" айтыла бастаған. Әңгіме Гейтстің осыдан бес жыл бұрын TED конференциясында адамзаттың болашағы туралы пікір білдіріп, сөйлеген сөзінен шыққан. Ол өз сөзінде адамзаттың басты жауы ядролық соғыс емес, өлімге әкелетін вирус екенін айтқан.

Айта кетейік, Гейтстің конференциядағы сөйлеген сөзін 35,5 миллион адам тыңдаған. Кәсіпкердің осы сөздерінен кейін желіде "Билл Гейтс адамдарды жаппай чиптемек" деген тақырыптағы түрлі видео тарап кеткен. Артынша "Гейтс COVID-19 пандемиясын ұйымдастырды", сондай-ақ "вакцина өндірісі арқылы байыды" деп деп айып тағыла бастаған.   

Республикалық сайлаушылардың 44 пайызы және демократтардың 19 пайызы Билл Гейтс екпе арқылы адамдарға чип салады дегенге сенетінін жеткізген.

Билл Гейтс © REUTERS 

Жақында Билл Гейтстің өзі вакцина арқылы адамдарды чиптеу, оған өзінің қатысы бар-жоғы туралы хабарға қатысты пікір білдірді.

"Мен ешқашан микрочип әзірлеумен айналысқан жоқпын. Бұл орынсыз әрі біртүрлі жағдай", - дейді Гейтс.

Осыған дейін чип салдырғандар бар ма?

Денесіне алғаш чип енгізілген адам ұлыбританиялық ғалым Кевин Уорик. Ғалымға салынған имплант жарықты қосу үшін, үйден тыс жерде аудио-дыбыс арқылы басқару үшін 1998 жылы салынған. Тоғыз күннен кейін имплант қайтадан алынып, Лондондағы Ғылым музейіне қойылған.

Артынша 2009 жылы 16 наурызда ұлыбританиялық ғалым Марк Гассонның сол қолына ішінде компьютерлік вирус бар әйнек имплант (RFID) салдырған. Ғалымға салынған имплант жануарларға салынатын чиптің өңделген түрі. Бұл чиптің негізгі міндеті - есіктерді автоматты түрде ашу және ұялы телефонды қосу болды. Гассон - дүние жүзінде компьютерлік вирусты жұқтырған алғашқы адам атанды. Ұлыбританиялық ғалым әзірше имплантты алдыратын ойы жоғын айтқан.

Марк Гассон © wikipedia

Сондай-ақ 2017 жылы Новосібірдегі перзентханалардың біріндегі акушер-гинеколог Александ Волчек денесіне алты чип салдырғаны белгілі болды. Чип арқылы дәрігер есіктерді ашып, құпиясөздер мен карталарды сақтайды. Оның айтуынша, дәрігер алғашқы чипті 2014 жылы 8 тамызда салған.

Қазір дәрігердің денесінде барлығы алты чип бар. Оның көбі домофон, турникеттен өту, қалғаны 800 байт пен 1 килобайт аралығында мәлімет сақтауға қолданылады екен. 

Шведтердің өз еркімен чип салдырғаны рас па?

Швецияда чиптеу қалыпты жағдайға айналғандай. 2018 жылдың өзінде төрт мыңнан аса адам өз еркімен денесіне чип салдырған. Чип салдырған адамдардың сөзінше, арнайы құралмен бас бармақ пен сұқ саусақтың ортасына салынған чип әмиянның, метро, пойызға кіргенде қолданатын өткізу құжатының, кеңсе мен пәтер кілтін алмастырған көрінеді. Швециядағы ірі темір жол компаниясының бірі жолаушыларға билеттің орнына чиптерді қолдануға рұқсат берген.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар қолдарына салынған чиптердің көмегімен дүкендер мен мейрамханада төлем жасай алады екен. Шведтердің қолына салынған чиптердің артықшылығымен қоса кемшілігі де жоқ емес. Сарапшылардың сөзінше, чиптердің көмегімен адамдардың жеке мәліметі қолды болуы мүмкін. Одан бөлек микрожүйе адам организмінде инфекция және иммундық жүйеде реакция тудыруы мүмкін.

Чиптеуге байланысты тараған фейктер

Коронавирус адамдарды чиптеу үшін жасалған - фейк

Жалпы чиптеуге байланысты әр елде түрлі қауесет тарады. Мәселен, Ресейде "коронавирус адамдарды вакцина арқылы чиптеу үшін қасақана жасалған арнайы операция" деген мәлімет тарап кеткен. Фейк хабарламада осы арқылы әр мемлекет өз азаматтарын басқарып отырады делінген екен.

Ал Ресейдің Бас Прокуратурасының ресми өкілі Андрей Иванов бұл жалған мәлімет екенін хабарлаған.

"Бұл материалдарда азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бұзатын, жалған, қоғамдық маңызы бар ақпарат бар", - деп түсіндірген Иванов.

Қазақстан мен Ресей азаматтары шенген визасын чиптеусіз ала алмайды - фейк

Осындай хабарды бірнеше қазақстандық сайт жариялап үлгерген. Factcheck мәліметінше, бұл - жалған мәлімет. Хабарламада былай деп жазылған:

"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей мен Қазақстандағы барлық виза орталығында чиптеуге арналған құралдар болуы керек. Мұндай нұсқауды Еурокеңестің көші-қон және ішкі істер бойынша Бас директораты мәлімдеді".

Бұл хабарламаны алғаш болып panorama.pub жария еткен. Factcheck мәліметінше, бұл сатиралық басылым фейк жасаумен кәсіби түрде айналысатын көрінеді. Әр жаңалықтың астында материал дисклеймер екенін, жаңалық ойдан құрастырылғанын ескертіп отырады екен. 

Алайда бұл жаңалық дисклеймер екеніне қарамастан жаңалықтар порталдары "Панорамаға" сілтеме жасап, фейк хабарламаны таратып жіберген. Одан бөлек, "Панорамада" жарияланған хабарда әңгіме тек Ресей жайлы болған.

Адамдарды чиптеп, роботқа айналдырады - фейк

Чиптеуге қатысты фейктер топтамасы Қазақстанды да айналып өтпеген. Мысалы, мамырдың басында Павлодар облысында белгісіз біреу WhatsApp арқылы чиптеуге қатысты ақпарат таратқан.

"WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреу жақында "вакцина арқылы жалпыұлттық чиптеу" басталатынын айтып, хабарламаны чиптеуге қарсы азаматтарға тарату керегін айтқан. Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы аудио арқылы тараған бұл хабарлама жалған екенін хабарлайды және тек ресми мәліметке сүйенуге шақырады", - деп түсіндірді басқарма баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубай.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная