ПОДЕЛИТЬСЯ
14 июня 2021 | 12:47
COVID-26 мен COVID-32 болуы мүмкін. Коронавирустың жаңа мутациялары туралы не белгілі?
Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 176 миллионнан асты. Оның 160 миллионы аурудан айықты. Ғалымдар коронавирустың қалай пайда болғаны туралы сұрақтың нүктесін әлі қоя алмай отыр. Оның үстіне, COVID-19-дың салдарына байланысты күн сайын түрлі жаңалық шығады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 176 миллионнан асты. Оның 160 миллионы аурудан айықты. Ғалымдар коронавирустың қалай пайда болғаны туралы сұрақтың нүктесін әлі қоя алмай отыр. Оның үстіне, COVID-19-дың салдарына байланысты күн сайын түрлі жаңалық шығады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты кейінгі жаңалықтарға шолу жасады.
Коронавирустың әдеттегі симптомдары өзгерді
Енді басыңыз ауырып, жеңіл тұмау байқалып, тамағыңыз ауырсынып тұрса - бұл коронавирус жұқтырдыңыз деген сөз. Мұндай мәлімдемені ұлыбританиялық мамандар жасады. Бұған дейін коронавирус жұқтырған кездегі негізгі симптомдар - қызба, жөтел, дәм мен иіс сезбей қалу болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да осылай есептейтін.
Лондон Корольдік колледжінің ғалымдары COVID-19-дың жаңа белгілерін ZOE қосымшасы арқылы анықтаған. Мамандар сол қосымша арқылы коронавирус инфекциясының әдеттегі симптомдары мамыр айынан бері басқаша бола бастағанын байқаған.
Вирустың жаңа мутациясы: оны кімдер көп таратады?
Бұл сұрақтың жауабын Роспотребнадзор эпидемиология Орталық ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничная айтты. Оның сөзінше, жастар коронавирустың жаңа штамын жұқтырған күннің өзінде оны жеңіл өткізеді.
Бірақ соған қарамастан жастар вирустың жаңа штамдарын таратушы болып саналады екен. Себебі коронавирус инфекциясының жаңа штамын жұқтырған жағдайда көбіне ЖРВИ белгілері байқалады. Сондықтан жастар ол жай тұмау екен деп жүріп, оған бей-жай қарап, күнделікті өмірін сүре береді екен.
Көк шайдың да пайдасы бар
7 маусымда зерттеушілер тобы коронавирус инфекциясын емдеуде пайдалы болуы мүмкін зат көк шайдан табылғанын мәлімдеді. Ғалымдар SARS-CoV-2 инфекциясын өлтіру мүмкіндігі бар түрлі фитохимиялық заттың құрылымын зерттеген.
"Табиғи дәріхана жаңа дәрілердің қайнар көзі болып есептелетін, сондықтан біз де қандай да бір табиғи өнім COVID-19-бен күресте пайдасы болуы мүмкін деп ойладық", - дейді дәрігер Суреш Моханкумар.
Сөйтіп коронавируспен өзара әрекеттесуін тексеру үшін 132 зат таңдалған. Оның екеуі - циннамтаннин-В және галлокатехин галлаттың коронавирусты "бұғаттайтын" күші бар болып шыққан. Ғалымдар COVID-19-ды бейтараптандыратын нақты бір компонентті тапты. Осылайша, ғалымдар көк шайдың негізінде коронавирус жұқтырған науқастарға көмектесетін дәрілік препарат жасап шығаруды шешкен. Галлокатехин галлат көк шайдың құрамында бар. Ал көк шай бағасы жағынан да қолжетімді. Осылайша мамандар көк шай коронавирусты емдеудегі тиімді әдістің бірі деп шешкен. Зерттеу нәтижесі RSC Advances ғылыми журналында жарияланды.
COVID-19 бен Гийена - Барре синдорымының не байланысы бар?
Табан мен қолдың ұйып қалуы, бұлшықеттің ауырсынуы мен координацияның бұзылуы - бұл коронавирус жұқтырып, оны жеңіл және ауыр түрде өткізген адамдарда байқалған белгі. Олар арнайы зерттеу жұмысына қатысқан. Сөйтіп ғалымдар коронавирус жұқтырып, аурудан айыққаннан кейін Гийена - Барре синдорымы пайда болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Мақала авторларының бірі Алекс Рихтерннің сөзінше, коронавирустан айыққаннан кейін пайда болатын антиденеде жүрек және тері аутоимундық ауруларына тән белгі бар.
COVID-26 мен COVID-32 де болуы мүмкін
Әрине, ол COVID-19-дың қалай пайда болғаны зерттелмеген жағдайда болатын жайт. Бұл туралы Америкалық ғалым және коронавирус пен жұқпалы аурулар бойынша сарапшы Питер Хотез айтты.
"Табиғат ана егер коронавирустың қалай пайда болғанын анықтамасақ, COVID-26 және COVID-32 болатынын ескертіп жатыр", - деді ғалым.
Хотездің сөзінше, коронавирустың пайда болуы туралы мәліметті Қытаймен байланыс болмаған жағдайда алу қиын болар еді. Ол мамандарға жануарларға, адамдарға, үлгілерге және зертханаларға кедергісіз қол жеткізу үшін Бейжіңге, оның ішінде санкцияларға қатты қысым жасау керек екенін айтты.
Бразилияда коронавирустың жаңа түрі анықталды
Оның негізгі ерекшелігі бұған дейін табылған жаңа штамдарға ұқсайды - вирус бүкіл ел бойынша тез тарап жатыр. Тіпті мамырдың соңында вирустың жаңа түрі Бразилияның ондаған қаласынан анықталған. Сан-Паулу университетінің зерттеушілері коронавирустың жаңа түрін Мококадағы үлгіден тапқан. Сjсын ол Порту-Феррейрада тарап кеткен. Вирустың бұл түріне P4 атауы берілген.
"Біз оның тез тарайтынына алаңдап отырмыз", - деді бразилиялық вирусолог.
Сарапшылар вирустың жаңа түрі бұған дейінгі "бразилиялық" Р1 және Р2 штамы, "филиппиндік" Р3 штамына ұқсас екенін анықтап отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также