Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 октября 2019 12:38

Елімізде қанша "Алтын адам" табылған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Қазақстанда төртінші "Алтын адам" табылды. Ол - Батыс Қазақстан облысында жерленген сармат дәуіріндегі көшбасшының сүйегі екені анықталды. Ал бұған дейін Қазақстан аумағынан үш "Алтын адам" табылғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Олар Алматы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарынан табылған. Қазақстан жерінен табылған "Алтын адамдар" туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Қазақстанда төртінші "Алтын адам" табылды. Ол - Батыс Қазақстан облысында жерленген сармат дәуіріндегі көшбасшының сүйегі екені анықталды. Ал бұған дейін Қазақстан аумағынан үш "Алтын адам" табылғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. Олар Алматы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарынан табылған. Қазақстан жерінен табылған "Алтын адамдар" туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Ең бірінші табылған "Алтын адам"

1969-1970 жылдары Алматы облысы маңынан табылған "Алтын адам" алыс-жақын елдерді елең еткізгені анық. Археолог Кемел Ақышев Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапты. Тарихи жәдігердің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. 

Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында" жасалған. Бассүйектің сол жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" © e-history.kz

Сақтар тайпасының жас көсемінің зиратынан табылған бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүргені анықталған. 

Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, "Алтын адамның" Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті ел басшысының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін көрсеткен. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология тағы басқа салалардан мол дерек беретін "Алтын адам" сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдеген. "Алтын адам" Қазақстанның азаттық символына айналып, оның төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енген. 

"Әуелде "Алтын адам" деген атау Есік қорымынан табылған жәдігерлерге байланысты қойылған болатын. Сөйтсек, ондай адамдар Шығыс Қазақстанда да, Орталық Қазақстанда да бар болып шықты. Кейде маған әр аймақ өзіне бір-бір "Алтын адам" тауып алғандай болып көрініп кететіні бар. Бұл бір қызық тенденция болып кетті. Шыны керек, қазір адамдар шатасатын болды. "Неше "Алтын адам" бар?" деген сұрақтар мен "Біздікі бірінші, сендердікі бесінші" деген даулар да туындап жатыр.
Осы орайда "Алтын адам" деген түсінікті, ұғымды пайдалануға мұқият болу қажет сияқты. Менің пікірімше, "Алтын адам" деген тіркесті тек Есік обасындағы жәдігерлерге қатысты пайдалану қажет. Қалғандарына басқа атау пайдаланса да болады. Мысалы, Қарқаралы адамы немесе Тарбағатай адамы деген сияқты атаулар несімен жаман? Біздікілер болса айналдырып келіп "Алтын адам" деп шулата береді", - археолог Айбар Хасеналин e-history.kz басылымына берген сұхбатында.

Атыраудың "Алтын адамы"

1999 жылы Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық экспедициясы кезекті қазба жұмыстарын Аралтөбе қорғанына жасап, Атыраудың "Алтын адамы" атауын алған екінші ескерткішті тапқан. Зерттеу нәтижесінде бұл алтын киім киген сақ жауынгерінің қалдықтары екені анықталған. Тарихи олжаны археолог Зейнолла Самашев тапқан. Біздің заманымызға дейін III ғасырға жататын алтынмен көмкерілген жауынгерді оның болат семсеріне қарап ғалымдар сарматтардың көсемі деген қорытындыға келген екен. 

Аралтөбенің "Алтын адамы"

1999 жылы Аралтөбе қорғанынан негізінен үш зират қазылып, оның алғашқысынан адамдардың қаңқалары мен олар қолданған шыны моншақтар, жебе ұштарының сынықтары табылған. 

Екіншісінен басы оңтүстікке қаратылып жерленген мүрде жанынан жүзден аса жебесі бар қорамсақ, бүйірлі үлкен қыш құмыра, темір қылыш кездескен. Қазылған үшінші зираттан алтын киімді адам табылған. 


Аралтөбенің "Алтын адамы"

Оның сырт киімі түгелдей алтын әшекейлермен безендірілген. Шашбауы, қару-жарағы, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесі алтынмен апталған. Әйел және ер адам мүрделерімен бірге олардың аяқ жағында мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құс сүйектері, жүзден астам жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра, қайқы қылыш табылған.

Ер адам киімі әшекейлі алтын бұйымдармен безендірілген, тіпті шашын түйген байламшасы, жанындағы қару - жарақтары, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесіне шейін алтын мен апталып, әшекейленген. Табылған бұйымдар, киім үлгілері және салынған өрнектердің, әшекейлердің табиғаты бұл ескерткіштің қазақ даласында біздің заманымызға дейін ІІІ ғасыр - біздің заманымыздың ІV ғасыры аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына тиесілі екені дәлелденген. Белгілі шебер Қырым Алтынбеков қалпына келтірген бұл ескерткіш қазір Атыраудың облыстық музейінде тұр.

Шілікті "Алтын адамы"

Шіліктіден "Алтын адам" 2003 жылы табылған. Оның жерлеу мерзімі біздің заманымызға дейінгі VIIІ ғасырға жатады, демек ол Есіктегі "Алтын адамнан" 400 жылға үлкен. Тарихшы Әбдеш Төлеубаевтың сөзінше, көне қорым топырақ жастанған тас қорғанда сақталған. Құрылыс формасы қиық пирамида іспетті келеді. Қорымның ішінен 4303 алтын бұйым табылған. 

Шіліктідегі "Алтын адам" найзасының көшірмесін жасауға 17 миллион теңге жұмсалған

Оның арасында сирек кездесетін алтын қаптырмалар да бар. Бір түйме-қаптырмада алтын арқар суреттелген, сондай-ақ бүркіт, аю және барыс бейнеленгендері де бар. Сондай-ақ археологтар көк таспен әшекейленген бесжұлдыз қаптырманы да тауып алған. Бұл бағалы бұйымдардың басты артықшылығы - балқыту тәсілімен жасалынуында. Ал Есіктегі "Алтын адам" әшекейлері жұқа алтын қаңылтырдан қалыпталып, нақыштап кесіліп қондырылған. 


Шілікті "Алтын адамы"

Еске салайық, 26 қазанда Ақтөбеден 300 шақырым жерден сармат дәуіріндегі көшбасшының сүйегі табылған. Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының қызметкерлері Ақтөбе облысы, Темір ауданы Тасқопа ауылында қазба жұмыстарын жүргізген. Тамыздың басынан ғалымдар төрт жерлеу орнын зерттеген. Археологтар солардың бірінен 6 метр тереңдікте орналасқан жерден біздің заманымызға дейін V ғасырда өмір сүрген адамның сүйегін тапқан. 

Зерттеушілердің сөзінше, жерленген адамның қоғамдағы беделі жоғары болған. 

Сондай-ақ қабірден қымбат металмен көмкерілген ат және тарту элементтері табылған. 

Экспедиция басшысы Арман Бисембаевтың сөзінше, ескерткіш Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" дәуірімен бір уақытта өмір сүрген. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети