12 апреля 2020 | 10:40

Қаныш Сәтбаев қазақ тіліндегі алғаш математика оқулығын қалай жазған?

Қаныш Сәтбаев © "Хабар" телеарнасы

Бүгін геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Ол 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Tengrinews.kz тілшісі ғалымның өмірі мен еңбек жолын баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Ол 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Tengrinews.kz тілшісі ғалымның өмірі мен еңбек жолын баяндайды.

Шын есімі - Ғабдулғани

Реклама
Реклама

Қаныш Сәтбаев Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Шын есімі - Ғабдулғани. Анасы Әлима үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш десе, Ғабдул-Ғаниын "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған екен. Сөйтіп, ғалым облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. 

Сауатын ауыл молдасынан ашқан ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке бара бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтап, 1911 жылдан бастап Павлодардағы екі жылдық орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын да мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады. 1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болған екен. Еңбек жолын 1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған ауылдық қазақ мектептерінде мұғалім болудан бастайды.

© "Хабар" телеарнасы

Артынша Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болған. Сол себепті Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады.

1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский Сәтбаевқа қалада қалуға болмайтынын айтты.

Еңбек жолы

- 1920-1941 жылдары Баянауылда халық судьясы, "Атбастүстімет" тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинаттың бас геологы қызметтерін атқарған.

- 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған.

- 1952 жылы сол кездегі жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайындалған.

- 1955 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарған.

Қазақ тіліндегі алғаш математика оқулығын жазған

Қаныш Сәтбаев өкпе ауруымен ұзақ ауырған. Қуаты тасып, нағыз жұмыс істейтін жасында дертін емдейді. Дәрігерлердің талабы бойынша саумалмен емделу үшін амалсыздан ауылға оралған екен. Алайда ауылда қол қусырып жатқысы келмеген ғалым қазақ тіліндегі алғаш математика оқулығын жазған.  

"Томск технология институтына түсерде ол біраз мектепте істеді. Балаларға сабақ берді. Қай сабақты қалай беру керек екенін көп ойланды. Содан "Математика ең қиын сабақ. Осыны қалай қарапайым тілмен жастарға жеткіземін?" деген оймен кітап жазды. Технологиялық институттың 2-3 курсында жүрген кезде сол кітапты жазып бітірді", - дейді ҚР Ғылым Академиясының Президенті Мұрат Жұрынов Хабар Tanym бағдарламасында.

Бұл кітапты ғалым 1924 жылы 25 жасында қазақ тілінде араб графикасымен жазып шыққан екен. 592 беттік қолжазба артынша латын графикасына 1929 жылы (1400 бет) көшірілген.

1947 жылы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО Жоғарғы Советінің делегациясы құрамымен Ұлыбританияға барған. Сол сапарда ол Уинстон Черчилльмен кездескен. Черчилль ірі денелі Сәтбаевқа қарап: "Барлық қазақ сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?" - деп сұраған екен. Сонда ғалым: "О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік", - деп жауап беріпті.

© "Хабар" телеарнасы

Қаныш Сәтбаев өмірінің соңғы күндерін Мәскеуде өткізген екен. Академиктің жақындары ғана білетін ауыр сырқатымен сол кездегі ең үздік дәрігерлер арпалысқан. Бірақ жанын салған жұмыстар, қобалжу мен жүйкесін жұқартқан түрлі жағдайлар ғалымның денсаулығына кері әсер еткен. 1964 жылдың 31 қаңтарында Қаныш Сәтбаевтың жүрегі мәңгілікке тоқтаған.  

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная