08 сентября 2020 | 16:25

"Қорқа берудің қажеті жоқ". Ғалымдардың коронавирусқа қатысты болжамы қандай?

© Reuters

Коронавирус пандемиясының дүние жүзін жаулағанына сегіз айдан асты. Worlfometers мәліметінше, науқастардың саны 27,5 миллионнан көп. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікте АҚШ, Үндістан және Бразилия тұр. Мамандар әлі күнге дейін пандемияға қатысты түрлі болжам айтады. Tengrinews.kz тілшісі соның бірнешеуіне шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус пандемиясының дүние жүзін жаулағанына сегіз айдан асты. Worlfometers мәліметінше, науқастардың саны 27,5 миллионнан көп. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікте АҚШ, Үндістан және Бразилия тұр. Мамандар әлі күнге дейін пандемияға қатысты түрлі болжам айтады. Tengrinews.kz тілшісі соның бірнешеуіне шолу жасады.

Эпидемиологтар адамзат пандемия дәуіріне өтіп жатқанын ескертті

Реклама
Реклама

Америкалық ғалымдар - АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи мен эпидемиолог Дэвид Моренс адамзат пандемия дәуіріне өтті, дүние жүзін жаулап алған коронавирус алдағы індеттердің тек алғашқысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Cell журналындағы мақалада сарапшылар алдағы жылдары пандемияның қарқыны үдеуі мүмкін екенін болжаған. Ал аурудың тарауының негізгі себебі - ормандарды кесу, қалалардың көптігі мен жабайы жануарларды сату болуы мүмкін.

"Мен көріпкел емеспін, бірақ біз бақылап отырған жағдай пандемияның үдеп жатқанын аңғартады", - дейді Моренс.

Моренс пен Фаучидің сөзінше, адамдар эпидемияны төтенше жағдай енгізу арқылы емес, өмір сүру стилін өзгерту арқылы жеңе алады.  

Әлем елдері жаңа пандемияға дайын болуы керек

Бұл туралы дүйсенбі, 7 қыркүйекте Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты.

"Бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге індет пен пандемия өміріміздің бір бөлшегі екенін көрсетіп жатыр. Бірақ келесі пандемия келгенде барлық мемлекет оған дайын болуы керек", - деді ДДҰ басшысы.

Тедрос Адханом Гебрейесус дүние жүзі қазіргі пандемиядан сабақ алуы керегін айтады.

Сондай-ақ бұған дейін ДДҰ басшысы коронавирусқа қарсы тұра алатын мінсіз құрал жоғын, ол алдағы таңда да пайда болмауы мүмкін екенін айтқан болатын.

"Бірнеше вакцина әлі клиникалық сынақтың үшінші фазасында тұр, бәріміз соның ішінде тиімді вакцинаны анықтап, адамдардың ауру жұқтыруының алдын ала аламыз деп үміттенеміз. Алайда бүгінде мінсіз құрал жоқ, ол пайда болмауы да мүмкін", - деген еді ол. 

COVID-19 бізбен үш жылдан кейін де болады

Неміс вирусологы Хенрик Штрик коронавирус ешқайда жоғалып кетпейтінін айтты. Бұл туралы The Independent газетіндегі мақалада жазылған.

"Вирус біздің біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Ол бізбен бірге үш жылдан кейін де болады. Біз соған көнуіміз керек", - дейді Бонн университетінің Вирусология институтының директоры.

Штрик коронавирусқа қатысты вакцинаның шығатынына қатты қуанудың да қажеті жоғын айтады. Оның айтуынша, вакцина келесі жылы бірақ дайын болуы мүмкін. Профессор вируспен күресте бастысы - ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы екенін айтады.

"Ұжымдық иммунитет құдды адамдарды өзіңізбен бірге вирус жұқтыруға мәжбүрлейтін секілді қорқынышты естіледі. Бірақ ол шынымен инфекцияның тарауын тоқтатуға ықпал етеді", - дейді маман.

Қорқа берудің қажеті жоқ

Биология ғылымдарының докторы Алексей Аграновский "Вечерняя Москва" газетіне берген сұхбатында коронавирус пандемиясына байланысты қорқа бермеуге шақырды.

"Жылдар бойы үйде отыра беру мүмкін емес. Ұзақ уақыт оқшаулану да қиын. Дүние жүзіндегі пандемия туралы БАҚ-та өріп жүрген жаңалықтарды оқып, көру мүмкін емес болып кетті. Болып жатқан жайтқа шынайы қарап, қорқа бермеу керек", - дейді маман.

Сонымен қатар, ғалым "аурудың екі толқыны" - инфекциялық және ақпараттық түрі қабаттасып кеткенін айтады. Сондай-ақ маман COVID-19 маусымдық аурулар түрінде, жеңіл деңгейде болып тұруы мүмкін екенін айтады.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная